03 ақп, 2021 сағат 11:10

Депутат әлеуметтік тұрғын үйге кезекті азайтудың жолын айтты

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Снежанна Имашева әлеуметтік тұрғын үйге кезекті азайтудың қадамдарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде 540 мың азамат тұр. Тұрғын үй құрылысының жоғары қарқынына қарамастан, әлеуметтік тұрғын үйге кезек азаймайды, ал кей жерлерде тіпті өсіп келеді. Бұл кезекте тұрған барлық адамдардың талаптары қашан толық орындалатынын ешкім айта алмайды. Мәселен, Мемлекет басшысы 

Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықтың аса осал топтарына тұрғын үй қарыздарын беру үшін 5-10-20 «Шаңырақ» бағдарламасы іске қосылды, оның операторы «Отбасы банк» АҚ болып саналады.

Алайда, бағдарламаның шарттары көпбалалы, жалғыз басты 

ата-аналар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар сияқты санаттарға қолжетімсіз. Келіп түскен 37 мың өтінімнің небәрі 1500-і ғана мақұлданған», - деді депутат Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында. 

Осы орайда ол ның себептеріне тоқталды. Біріншіден, бағдарлама бойынша несие алу үшін соңғы 6 айдағы еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен отбасының кірісін растау қажет. Әдетте, мұндай талапты банктер клиенттің төлем қабілеттілігін растау үшін қояды. Алайда, азаматтардың осал санаттарының, көбінесе, жәрдемақылар мен зейнетақылардан басқа, мүлдем ешқандай ресми кірісі жоқ. Бұл ретте олардың көбі тұрғын үй жалдап, ай сайын жалға алу ақысын төлеуге 50-100 мың теңге іздестіруге мәжбүр. Бұл соманы олар тұрғын үй қарызын өтеуге жібере алар еді. 

«Сонымен бірге жақсы кредиттік тарих олардың төлем қабілеттілігінің өлшемі бола алар еді. Өйткені, кірістерін растамай, оларға жоғары пайызбен тауарлық кредиттер мен микроқаржы ұйымдарының кредиттері ғана қолжетімді болады. Бұл ретте олар кредиттік тарихын бүлдірмеу үшін оларды уақытында төлейді. Кепілсіз және қымбат кредиттерді уақтылы қайтаратын борышкерлер – тәртіпті, олардың бағдарламаға қатысуы мүмкін деп санаймын. Бұл туралы жиналыстарда сайлаушылар да: «Бізге мемлекеттен баспана керек емес, оны ипотекаға сатып алуға мүмкіндік берсеңіздер болды!» деп сұраған болатын», - деді С. Имашева. 

Депутат екінші себепке тоқтала келе, тұрғын үйді бастапқы нарықта ғана сатып алуға болатынын, бірақ жаңа тұрғын үйдің бағасы өте жоғары екенін айтты. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша өңірлерде қарыздың ең жоғары сомасы 12 миллион теңгені құрайды. Бұл бағамен жаңа салынға үйден 1-2 бөлмелі пәтерді ғана сатып алуға болады, бірақ оның өзі де жоқ. Өйткені, мұндай тұрғын үй құрылыс салу кезеңінде сатып алынады. Жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен салынатын арзан тұрғын үй де жеткіліксіз. 

«Қайталама нарық сұранысты ішінара қанағаттандырар еді. Бағдарламаның мақсаты - әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекті қысқарту. Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, осы сауал арқылы Сізден халықтың әлеуметтік жағынан осал санатындағы азаматтарға тұрғын үй сатып алу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді және 5-10-20 «Шаңырақ» бағдарламасының шарттарын қайта қарауды сұраймын», - деді С. Имашева. 

Осы орайда ол азаматтардың осал санаттарына тұрғын үй қарыздарын кірісін растамай, олардың төлем қабілеттілігін қосымша параметрлер бойынша бағалай отырып алуға мүмкіндік беруді, сондай-ақ бағдарлама бойынша тұрғын үйді жылжымайтын мүліктің қайталама нарығынан сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді сұрады.