30 қыр, 2016 сағат 15:41

Демеушілер «ЭКСПО-2017» көрмесіне 125,5 млн. еуро көлімінде көмек көрсетпек

Бүгінгі таңда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ шетелдік және қазақстандық серіктестермен 125,5 млн. еуро көлеміндегі демеушілік құжаттар мен меморандумдарға қол қойды. Бұл туралы басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР аккредиттелген дипломатиялық өкілдерімен кездесуінен соң белгілі болды.

Серіктестер құрамында белгілі халықаралық компаниялар бар. Олар: Консорциум «NCOC», «Shell», «Cisco», «General Electrics», «Samsung», «Росатом», «Coca-Cola» және т.б.

Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» басшысы дүниежүзі бойынша ауқымды жарнама жұмыстарының жүргізіліп жатқанын жеткізді. Насихат жұмыстарын америкалық «Burson Marsteller» компаниясы өз мойынына алды. Болжам бойынша 2017 жылдың соңына дейін бұл іске 900 млн. адам атсалысатын болады.

Сондай-ақ Есімов «ЕХРО-2017» көрмесіне қонақтарды тарту үшін үлкен іс-шаралар қолға алынып жатқанын айтты. «Дәл қазір шетелдік еріктілерді іріктейтін қосымша байқаулар өткізіліп жатыр. Барлық адамдарды өз қалауы бойынша көрменің құрметті еріктісі болуға шақырамыз», - дейді Ұлттық компания басшысы.

Көрме Астан қаласынжа 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100-ден аса мемлекет қатысады деп күтілуде. Ұйымдастырушылардың ойынша ЭКСПО-ны 2 миллион қонақ, одан бөлек 5 миллион келіп-кетуші көреді деп болжайды.