26-28 қаңтар күндері Қазақстанда ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райы көбіне антициклонның ықпалында болады, сондықтан республиканың басым бөлігінде түнде 30-дан 38 градусқа дейін аяз көтеріліп, күндіз 18...27 градустан жоғары болмайды. Кей жерлерде 30 градус аяз болады деп күтілуде, бұл климаттық нормадан төмен», - деп мәлімдеді «Қазгидромет» өкілдері.
Синоптиктердің атап өтуінше, Қазақстанның солтүстік жартысындағы салқын әрі қуатты антициклон мен Орталық Азиядағы жылы циклон шығыс бағыттан желдің күшеюіне және республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаяу бұрқасын соғуына себеп болады