05 сәу, 2019 сағат 16:45

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 2019 жылғы 6-8 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шығысқа қарай жылжып келе жатқан суық ауа ағыны жауын-шашын алып келеді, кей жерлерде көктайғақ болады. Оның әсері әсіресе Қазақстанның орталығы мен шығысына көбірек тиеді. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерге ұласуы мүмкін.

Найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал, таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі бар. Оның артынан жылжып келетін антициклонға байланысты, Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашын тоқтап, бүкіл республика аумағында ауа температурасы климаттық нормаға дейін төмендейді.