18 қаз, 2019 сағат 13:55

Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді

«Қазгидромет» РМК алдағы 19-21 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен тәуліктерде циклондар Батыс Сібір арқылы өткенімен, онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстандағы ауа райына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты алдағы демалыс күндері әлі де соған ұқсас синоптикалық жағдай күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Елдің солтүстік бөлігінің кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік теңіз аймағынан келіп жатқан суық ауа массалары әрі қарай ауа температурасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан ауа температатурасы орташа көпжылдық температурадан 3…5°С төмен болады.