03 қыр, 2021 сағат 12:20

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Батыс өңірлер белсенді фронталь бөліктер аймағында болады. Мұнда найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады және ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклон әсерінен құрғақ және шуақты ауа райы сақталады.

"Елдің батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 7-18 градус, күндіз 17-26 градус жылы, солтүстікте ауа температурасы түнде 4-13 градус, күндіз 22-30 градус жылы, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы 2-17 градус, күндіз 25-36 градус жылы, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 14-22 градус, күндіз 29-38 градус жылы болады", - делінген хабарламада.