«Қазгидромет» РМК 27 ақпан – 1 наурыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Солтүстік-Батыс циклонының жақындауына байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылуы күтіледі. Күндіз жекелеген өңірлерде оң мәнге дейін артады. Тек батыс аумақтарға циклонның ықпалы жалғасады.
Үш күнде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Елдің тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн райы – жауын-шашынсыз. Жекелеген жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және жаяу бұрқасын болжанады», - делінген хабарламада.