19 мам, 2026 сағат 11:57

Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға автокөлік тарту етті

Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға автокөлік тарту етті, деп хабарлайды Ult.kz.

Абай облысы Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылында ашық аспан астында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылды. Кешкі уақытта орталық алаңға жиналған тұрғындар отбасымен бірге мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.

Сахнада Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya өнер көрсетті.

Концерттің ерекше сәттерінің бірі — Роза Рымбаеваның сахнаға шығуы болды. Жиналған көрермен әншіні ыстық ықыласпен қарсы алып, оның көпшілікке танымал әндерін бірге орындады.

Айта кетейік, мәдени шара Дәулет Тұрлыхановтың қолдауымен өткен. Концерт барысында депутат халық әртісіне темір тұлпардың кілтін табыстады.