Фото: скриншот
Желіде өзін жазушы Қуандық Түменбайдың бұрынғы келінімін деп таныстырған келіншек халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі мен ата-енесі оны үш баласымен үйден қуып шыққан.
12 жыл жазушының келіні болған Жазираның сөзінше, ол қазір бұрынғы күйеуі Еркебұланның қарызын төлей алмай отыр. Тіпті алимент те алмаған. Бірнеше рет балаларын алып, Қуандық Түменбайдың шаңырағына да барыпты. Бірақ жазушы мен әйелі полиция шақырып, босағадан қуып шыққан. Жазира мән-жайды Threads желісіне жазып, жұрттан көмек сұрады.
"Бұрынғы күйеуім маған айфон алдырып, мобилограф боламын деді. Артынан түк болмағандай тоқал алып, қыдырып жүр. Қызбен SMM курс оқып жүріп танысыпты. Енді екі ай болды, не несиені төлемейді, не алимент төлемейді. Не үлкен адам сияқты байланысқа шықпайды. Үш балам не жеп, не ішіп жатыр деп ойлап отырған жоқ. Әкесі жазушы, анасының атында қаншама пәтерлері бар. Төлеймін десе бір күнде бәрін жауып тастауға жағдайлары жетеді. Толық жауып берсе мүлдем байланысқым келмейді. Қазір бірақ басқа амалым жоқ", – деп жазды Жазира.
Жазира қазір декреттік демалыста. Қосымша табысы болғанымен, тапқаны балалардың тамағынан артылмайды. Ол бұрынғы күйеуінің жағдайы жоқ болса түсінуге болатынын, алайда оның басқа әйел алғаннан кейін балаларын ұмытып кеткеніне қынжылатынын айтты.
"Бөліп төлеймін деген еркек сөзінен тайып, бірде-бір рет байланысқа шықпады, қашып жүр. Балаларыммен үйіне бардым, әке-шешесімен жабылып қуып шықты. Видеоға түсіріп тұрған балаларым. Немерелерінен аяқ тартар деп бірінші рет алып барған едім, бірақ ол да көмек бермеді", – дейді ол.
