Ақсайда той кортежіне қатысушылар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Ult.kz.
Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында барлық көлік анықталып, арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізушілер мен жолаушылар қауіпті маневр жасау, апатты жағдай туғызу, көлік люгінен шығу, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды.
Әрбір жүргізушімен және жолаушылармен тәртіп сақшылары профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
