06 там, 2020 сағат 11:50

Дәстүрлі оқу, мұғалімдердің жалақысы, спорт үйірмелері: Тоқаев үкіметке бірқатар тапсырма берді

Қазақстанда толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттердің онлайн форматқа көшуіне байланысты қиындықтарың бар екенін, сол себепті бірыңғай платформа әзірлеуді тапсырды. Себебі қашықтан оқу білім жүйесін түбегейлі өзгертіп отыр, - дeп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Мемлекет басшысының айтуынша, онлайн оқуға байланысты мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні "WhatsApp-тан" бас көтермейді. Қашықтан оқу барысында да үкімет бірқатар қателік жіберді.

Сонымен қатар президент Қазақстан халқына жолдау кезінде сапалы білім алу үшін оқушының мектеп барып оқуы маңызды екенін, мұғалім мен сыныстарымен араласуы аса қажет екенін айтып, үкіметке дәстүрлі оқу форматына дайындалуды тапсырды. Бұл шешім ел мектептері үшін маңызды болып отыр.

Сонымен қатар президент мектеп мұғалімдерінің жалақысын өсіру мәселесіне тоқталды. Осылайша, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25  пайызға көбейеді. Сонымен қатар алдағы уақытта да жалақы мөлшері артып отырады. Бұған үш жылға қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді.

«Біз мектепке түскенге дейін баланың жан-жақты дамуы мәселесін шешуіміз керек. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтуды қамтамасыз ету міндетін қоямын», - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, бұл мәселені тек мемлекеттік балабақшалар шепейтінін, бұл салаға жеке бизнесті тартуды тапсырды. Сонымен қатар енді ата-аналар ваучердің көмегімен  кез-келген балабақшаны немесе мектепті таңдап, сол жерде мемлекеттен төлем жасай алады.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекет "дәстүрлі" мектептерді қолдайтын болады. Бұл сонымен қатар қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты жоюға көмектеседі. Азаматтардың сауаттылық деңгейін, олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

«Біз сондай-ақ кәсіптік білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға қайта бағдарлауымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар кәсіпкерлікке мектеп қабырғасынан бастап дайындау жұмыстары жүргізілуі керек. Ол үшін "кәсіпкерлік негіздері" пәні білім берудің барлық деңгейлерінде – мектептерден жоғары оқу орындарына дейін оқытылуы тиіс.

Президенттің айтуынша, жас ұрпақты спорт, шығармашылыққа баулуға үлкен маңыз берген дұрыс. Осы мақсатта экономикалық жағдарыс кезінде, қаржы тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстап отырудың еш мағынасы жоқ. Мемлекет пен квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалып жатыр, деп толықтырды мемлекет басшысы.

Сонымен қатар спорт, дене шынықтыру саласында балалардың үлесіне басымдық берілетін болады. Әр облыс, ірі аудан орталықтарында спорт секциялары ашылады.

Бұл – балалар мен жасөспірімдердің энергиясын дұрыс бағытқа бұру үшін жасалып отыр. Сонымен қатар облыс және аудан әкімдерінің жұмысы сол аймақтағы балалардың спортқа бет бұруымен бағаланатын болады.