05 қар, 2020 сағат 11:45

Дәрігерлер Алматыда автобус қағып кеткен кішкентай қыздың жағдайы қалай екенін айтты

Дәрігерлер жолаушылар автобусы қағып кеткен бес жасар қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бес жасар бүлдіршін Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына 4 қараша күні кешке жеткізілді. 

«Жол апатынан жарақат алған кішкентай қызды мамандар толық тексеріп шықты. Оның жағдайы орташа деп саналады. Оған жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Оны ауруханаға жатқызып емдеу ұсынылды, бірақ ата-анасы ауруханаға жатудан бас тартты», - деп хабарлады басқармадан.

Бұған дейін, Алматыда жолаушылар автобусы бес жасар қыз бен оның анасын қағып кеткені туралы жазған болатынбыз.