07 жел, 2022 сағат 19:07

Даниал Кенжетайұлы туралы бірер сөз


«2010 жылдың желтоқсанында Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Даниал Ахметов экологиялық энергетика саласындағы компанияны басқарғаны және саясатқа қайта оралғысы келмейтіні белгілі болды» деп жазды КазТаг.

Иә, қазіргі саяси әлемнің «тяжеловесі» болып танылған Даниал Кенжетайұлы саясаттан кеткен күндер болған. Мүмкін ол осы жылдың жазында да кеткісі келді, мүмкін сайлаудан кейін кетемін деп жоспарлады. Бірақ жазда Президент жолдауынан кейін облыстар бөлінді. Абайды бөліп жатқанда, жаңа әкім сайлап жату стратегиялық қателік болар еді. Жуықтағы сайлаудан кейін кетуге бәріне белгілі Риддердегі ЖЭО жағдайы кедергі болды.

Бүгін де міне, кете ме, кетпей ме деген сұрақ көбіміздің көкейімізде тұр. 

Негізінде, өздерін тәуелсіз қоғамбыз деп "позиционировать ететін" азаматтық қоғам өкілдеріне (мысалы біз) – әкімнің кетуі, жаңа әкімнің келуі ешқандай да ауа райын жасамау керек. Жағымпаздықпен күн көріп жүргендерге қиын әрине. Оларға бәрібір ғой - жаңа әкім келсе, соған жағымпазданып, бөріктерін аспанға ата береді.

Даниал Кенжетайұлы - совет үкіметінің сапалы білімін алған адам. Ол кісінің инженер-құрылысшы екенін көбі біле бермейді. Президент айтпақшы, «институциональный» әкімдердің бірі. Біз қазір тәуелсіздікті айтып, ұрандап шығамыз қит етсе. Ал тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында мемлекетті аяғына тұрғызған саясаткерлердің бірі қазіргі әкім емес пе? Даниал Кенжетайұлымен бірге шай ішіп отырғанда, (иә, иә, бірге шай ішіп) сол ауыр жылдардың әңгімесін айтқан еді. Соны әне жазамын, міне жазамын деп жүріп, сәті енді түскен сияқты.

«90 жылдардың басында халықта жұмыс жоқ, зейнетақы төленбей тоқтап тұрған кез, совет үкіметінің жайлы жағдайына үйреніп қалған қара халық не істерін білмей, абдырап қалған кез. Екі күннің бірінде шулап әкімдіктер алдына келеді. Сондай бір жиындарда мен көмекшімді жібердім, ол қайтып келді, халық мені тыңдамай жатыр деп айтты деп. Содан не істеймін? Өзім шықтым. Қыс уақыты болатын, үстіме курткамды киіп алғанмын. Жиылған адамдардың сұрағына жауап бере бастадым. Сол кезде халық ортасында тұрған жас жігіт айқайлады маған, сіз қымбат тон киіп алып, халықты жұбатпай-ақ қойыңыз деп. Мен сол кезде курткамды шешіп, сол жігіттің иығына жаба салдым. Содан кейін барып, тынышталып қалған халықпен әңгімелесе алдым. Ал сол куртканың қымбат емес екенін мен ғана білетін едім» - деп айтқан болатын.

«Ал сол куртканың қымбат емес екенін мен ғана білетін едім» осы сөздер туралы мен көп ойланып жүрдім. Осы сөздерге бола менің есімде қалды айтылған әңгіме.

Жасырмаймын, менің де жүрегім бүгін қобалжулы. Біздің де келіспеген тұстарымыз болды. Бірақ бұл менің Сізге деген құрметіме еш әсер етпеген еді... 

Жұлдыз Ақтанжанованың Фэйсбуктағы жазбасынан