14 қаң, 2026 сағат 16:37

CBS News: Ирандағы наразылықтарда қаза тапқандар саны 20 мыңға жеткен болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз

CBS News дерегінше, Иранда өткен жаппай наразылықтар барысында кемінде 12 мың адам қаза тапқан. Телеарна өз дереккөздеріне сілтеме жасап, құрбандар саны 20 мың адамға дейін жетуі мүмкін екенін хабарлайды.

Арна атап өткендей, 13 қаңтарда Ираннан сыртқа шыққан ақпарат билік пен қауіпсіздік күштерінің екі аптадан астам уақытқа созылған үкіметке қарсы наразылықтарды басу кезінде бұған дейін шетелдегі белсенділер хабарлағаннан әлдеқайда қанды репрессия жүргізгенін көрсетеді.

🇮🇷Ал Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2 мың адам қаза тапқанын алғаш рет мойындады. Иранда екі аптаға созылған жалпыұлттық наразылықтар барысында қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін қоса алғанда, шамамен 2 мың адам қаза тапты. Бұл туралы ирандық шенеунік Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, наразылық білдірушілер мен күштік құрылым өкілдерінің қазасына өзі «террористер» деп атаған адамдар кінәлі. Бұл — Иран билігінің жаппай толқуларды басу кезінде осыншама көп құрбан болғанын ресми түрде алғаш рет мойындауы.