01 там, 2025 сағат 11:35

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға ресми сапармен келеді

Фото: aa.com.tr

3 тамыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асады, деп хабарлайды Ult.kz.

Алматыда Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Кездесу аясында тараптар Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының жұмысымен танысады.