14 қыр, 2019 сағат 08:09

«Бурабай аңыздары» халықаралық суретшілер форумы өтті

14 қыркүйекте Көкшетау қаласында «Qazaqstan A la Prima» форумдар сериясы шеңберінде «Бурабай аңыздары» халықаралық суретшілер форумы қорытындыланды. «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әлемдік суретшілері сыйлаған 40 суреттің көрмесі ұйымдастырылды.

Арт-форум Динара Нұгер, Жұбаниязов Өмірбек, Елена Иоктон, Бақытнұр Бурдесбеков, Бақытжан Досимов (Қазақстан), Эркин Джураев (Өзбекстан), Ильнур Сиразиев, Виктория Маврина (Татарстан), Шаршекеев Алмаз (Қырғызстан), Геймран Баймұханов (Ресей), Роберт Хеттих, Ольга Мюллер (Германия), Елена Рузгус, Эмине Токмаккая (Түркия), Летхан Тунг, та Дуй (Вьетнам), Джакка Джанг (Корея), Алан Скаласки, Айсұлу Қадырханова (АҚШ), Рам Виранжан (Үндістан) секілді әлемдік 20 белгілі суретшінің басын қосқан.

Бұдан бұрын, қыркүйектің 3-нен 13-не дейін қылқалам шеберлері үшін студиялық жұмыстар, плэнер, Бурабайдың киелі және тарихи жерлеріне туристік жорықтар ұйымдастырылды.

«Біз үшін Бурабай - ерекше қасиетті орын. Бұл жерде табиғатты қалай жақсы көретінініңді түсінесің. Форум суретшілердің жұмыстары арқылы бүкіл әлеммен осы өлкенің сұлулығымен бөлісуге бірегей мүмкіндік берді!», - дейді "A la Prima" директоры Әйгерім Сейкенова.

Ақмола облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарлауынша, қылқалам шеберлері, әртүрлі мектептер мен бағыттардың мұрагерлері, біртұтас шығармашылық процесте біріктірілген, суреттерде Бурабайдың тауларын және көлдерін бейнелейтін болады. Сонымен қатар, форумға қатысушылар біздің ата-бабаларымыз бен батырларымыздың жолымен жүріп, тарихты зерттеуге, киелі де қасиетті орындарға барып, бейнелеу өнері арқылы мәдениеттің байлығын әлемге жеткізуге мүмкіндіктері болады. Табиғаттың әсері мен жаңа тәжірибелер шығармашылыққа күшті серпін бола алады. Дәл осындай жобалар құнды туындылар жасауға шабыт береді. Бұл - Бурабайдағы халықаралық суретшілер форумы қатысушыларына үлкен мүмкіндік пен шығармашылық ізденіс. 

14 қыркүйекте көрмеге келе алмаған адамдар облыстық әдебиет және өнер мұражайында суретшілердің жұмыстарымен таныса алады.