Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметке сенсек, 7 сәуірде Жамбыл облысында 5 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
7 сәуір сағат 14:20-дағы жағдай бойынша, Жамбыл облысындағы 5 жағдайдың төртеуі - Қордай ауданында, біреуі Мойынқұм ауданында тіркелді.
Олар бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған.
Зертханалық сынама алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
7 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 адам анықталды. Сонымен қатар 268 адам медициналық бақылауда.