Фото: adebietportal.kz
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған.
Жазушы шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды.
«Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған.
1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде Б.Соқпақбаевтың шығармасы негізінде түсірілген «Менің атым Қожа» фильмі арнаулы жүлдеге ие болды.
Биыл Алматы облысының Нарынқол ауылында жазушының 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Оқи отырыңыз: БАЛАЛАРҒА КЕРЕГІ БАЗАРЛЫҚ ҚАНА МА?