15 нау, 2021 сағат 21:03

Британ Елшіcі дипломатиялық миссиясын аяқтайды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұлыбритания Елшісі Майк Гиффордтты еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Достық рұхында өткен әңгіме барысында дипломаттар барлық негізгі бағыттар бойынша қазақстан-британ ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Елшінің Нұр-Сұлтан мен Лондон арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сұхбаттастар Корольдіктің Еуропалық одақтан шығуына байланысты Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қою бойынша бірлескен жоспарларды құптады.

М.Гиффордттың екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан жеке үлесін назарға ала отырып, британ дипломаты ҚР Сыртқы істер министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.