10 жел, 2020 сағат 18:26

Brent мұнайының бағасы тоғыз айдан бері алғаш рет 50 доллардан асты

Мұнайдың бұл түрінің құны 6 наурыздан бері 50 доллардан аспаған еді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың ақпанында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны мұның алдындағы сауда-саттық кезіндегі бағаға қарағанда 2,48% өскен. 

Сөйтіп мұнайдың бір баррелі $50,07 болды. 

Бұны қор биржасының Мәскеу уақытымен сағат 17:44 кезіндегі мәліметтерінен білуге болады. 

Brent мұнайының құны осы көрсеткішке соңғы рет 6 наурызда жеткен болатын.