24 ақп, 2026 сағат 11:41

Биыл егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңге кредит беріледі


Фото: u-f.ru

Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге (2025 жыл – 649,3 млрд теңге) бағыттау жоспарлануда. Бұл тулалы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Министрдің сөзінше ерте қаржыландырудың арқасында шаруалар қажетті көлемде сапалы тұқымдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ жанар-жағармай материалдар мен техниканы алдын ала және қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндіктері пайда болды.

"Егер 2025 жылғы егіс науқанына ерте қаржыландыру 2024 жылдың қараша айының соңында басталған болса, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдерді қабылдау өткен жылдың қазан айында басталды. Осының нәтижесінде, бүгінгі күні шамамен 1 900 шаруалар 200 млрд теңгеге қаржыландырылды, бұл жалпы қаржыландыру көлемінің 27%-ынқұрайды.
 Сонымен қатар, «Даму» қоры арқылы берілетін кепілдіктер бойынша несие көлемін 300 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда (2025 жыл – 283 млрд теңге). Бүгінгі күні 86 млрд теңгекөлеміндегі кредиттерге кепілдік берілді", - деді ол.


Сондай-ақ баяндамада айтылғандай, отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру жалғастырылып, оның көлемі кемінде 300 млрд теңгені құрайды. (2025 жыл – 246 млрд теңге) Азық-түлік корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында 152 шаруадан 34 млрд теңгеге өтінімдер келіп түсті, оның ішінде  40 шаруа 13,8 млрд теңгеге қаржыландырылды.