27 жел, 2016 сағат 14:59

Бозымбаев "қарызға белшесінен батқан" облыстарды атады

- Министрдің сөзіне қарағанда, жылу маусымы басталғалы бері бір жарым айдың ішінде бір ғана "ҚазТрансГаз Аймақ" кәсіпорны алдындағы энергия шығарушы компаниялардың қарызы 9,3 млрд. теңгені құрады, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ең көп қарызы барлардың ішінде: МАЭК-Қазатомөнеркәсіп - 5,3 млрд. теңге, "Энергоорталық Шымкент" кәсіпорны - 1,5 млрд. теңге, Алматы жылукоммунэнерго - 839 млн. теңге, Жайық жылуэнерго - 680 млн. теңге және Қызылорда жылуэнерго - 614 млн. теңге қарыз", - деді Қ.Бозымбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, "Богатырь көмір" компаниясы алдындағы энергия өндірушілердің қарызы да бір миллиардқа жуықтайды. Көмір үшін борышкер болып отырғандардың үштігіне Екібастұздың ЖЭС-2, Павлодарэнерго мен Астанаэнерго енді.

"Алдағы уақытта отынды жеткізу жағынан қиындықтар туындамас үшін Маңғыстау, Оңтүстік Қазақтан, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері өз қарыздарын өтеуі тиіс", - деп атап көрсетті министр.