Жоғарғы соттың басшылығы 2021 жылды «Болжамды сот төрелігі жылы» деп жарияланды. Отандық сот жүйесін цифрландыруға серпіліс беретін, жасанды интеллект алгоритмдерінің жұмысына негізделген, сот жүйесіне талдаудың үшінші буынын енгізу жоспарлары іс жүзінде жарияланды.
Жаңа технологияларды енгізу қажеттігі, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау барысында сот арқылы кең көлемді түрлі ақпарат айналымымен байланысты болып отыр. Күн сайын мыңдаған сот актілері шығарылады. Қаралған әрбір істің мән-жайы, олардың қатысушылары, себеп-салдарлары және басқа да жағдайлары туралы көптеген ақпарат жиналады.
Істің нәтижесін оны қарауға дейін болжау мақсатында машиналық оқытудың IT сервисін, жасанды интеллектіні енгізу, жиналған ақпараттың массивінен (сот актілерінің банкінен) жүйелік заңнамалықты анықтауға және табылған фактілерге (предиктивті-нұсқамалық талдама деп аталатын) түсіндіру жүргізуге мүмкіндік береді.
Болжамды сот төрелігінің мәнін терең түсіну үшін оның жақын арада енгізілуін айқындап, қазіргі уақытта қолданылып жатқан, жинақталған ақпаратты талдаудың әдістеріне жеке тоқталуды талап етеді. Осылайша, қазіргі уақытта соттар, соның ішінде Жоғарғы соттың ахуалдық орталығы электронды статистикалық деректерді жинақтап, салыстырмалы талдау жүргізіп келеді. Орталық сот төрелігін іске асыру жағдайы туралы түрлі есептерді құрастыруға, жүктеменің артуы немесе кемуін, келіп түскен, қаралған істердің динамикасын көруге мүмкіндік береді.
Осы арада әлемнің жетекші елдері, мысал ретінде АҚШ, Еуропалық одақ, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай өздерінің ұлттық сот жүйелеріне жасанды интеллект элементтерін енгізген болатын. 2018 жылдың желтоқсанында Еуропалық Комиссия жасанды интеллект элементтерін сот және құқық қорғау жүйелерінде қолданудың Еуропалық әдеп хартиясын бекітті.
Қалыптасқан жағдайда азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын, отандық сот жүйесіне жаңа технологияларды үдемелі енгізудің қажеттілігі көрінуде. Осы орайда инновациялық технологияларды енгізудің басты міндеті, бірінші кезекте сот органдарына жүгінген азаматтарға көмек көрсету болып табылады.
Жаңа технологияларды енгізу аясында «Сот кабинеті» сервисі ұсынатын қызметтерді кеңейтіп, оны іс жүзінде сот қызметтерін көрсетудің мамандандырылған виртуалдық орталығына айналдыру қажет. Істің қаралу нәтижесін пайыздық мөлшерде болжау сервисін құрастыру арқылы, олардың базасында «Сот кабинетінің» мүмкіндігін кеңейту. Шығарылған сот актілерін мән-жағдайлардың шарттарымен тиісті түрде қоса ұсынып отыру қажет.
Виртуалды сот қызметтерін көрсету орталығының кез келген пайдаланушысы жүйеден шығар алдында сотқа жүгінуге дейін өз өтініші бойынша іс нәтижесін болжай алады, ол істің қарау нәтижесін көруге (ескеруге) мүмкіндік береді.
Талдау болжамасын енгізу негізделмеген талап арыздар санының азаюына және тараптардың бітімгершілік келісім (медиация) арқылы шешілген істер санының артуына алып келеді.
Істің аяқталуын болжау қызметін «Сот кабинетінде» чат бот (виртуалды робот) арқылы жүзеге асыруға болады. Даудың санатын автоматты сервис арқылы роботтың анықтау мүмкіндігін күшейтіп, талап арыздан бастап, сот шешімін орындаудың тәртібі мен тәсілін өзгертуге арналған өтініштерді жасау, сотқа жүгінуге арналған тиісті процестік құжаттарды әзірлеу мүмкіндігін береді. Даудың соттылығы туралы ақпаратты, мемлекеттік бажды төлеу тәртібін, сот актілерін даулаудың механизмдерін және процестік мерзімдерді қалпына келтірудің, сотқа дейінгі дауды реттеудің артықшылығын, кәсіби заңгерлердің көмегінсіз қарау мүмкіндіктерін түсіндіреді.
Жасанды интеллект элементтерін пайдалану виртуалды сот қызметі орталығының мүмкіндіктерін толықтыра отырып, сот мәжілісіне қашықтықтан қатысуға мүмкіндік берумен қатар, сот талқылауын басқа тілге аударуға ықпал етеді. Сот мәжілісінің аудиожазбасын, толыққанды мәтіндік хаттама (стенограмма) жүргізу үшін, белгілерді орнату, сөздік тану қызметі арқылы мәтіндік форматқа тікелей аударма жасай алады. Осы жағдайда сот органдарымен байланыс орнатуға арналған мамандандырылған мобильдік қосымшаны әзірлеу қажеттігі пайда болады. Ол сот мәжілістеріне қашықтықтан қатысуға мүмкіндік беріп, тұлғаны визуалды куәландыруға және сот кабинетінің барлық мүмкіндіктеріне жол береді, мысал ретінде IOS және Android платформаларына арналған Smart Sot Mobil бағдарламасын атауға болады.
Жасанды интеллект элементтерін енгізу механизмдері судьяларға шешім қабылдауға көмек беріп, соттардағы іс қағаздарын жүргізуді жеңілдетеді. Электронды құжат айналымын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
Осылайша, заман талабына сай жасанды интеллект элементтерінің алгоритімін енгізу сот төрелігінің болжамдық сипатын арттыруға, сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған және сот төрелігінің сапасын көтеріп, азаматтардың сенімін арттырады.
Қанат Шақаров,
Қостанай қалалық сотының төрағасы