01 мам, 2021 сағат 11:07

"Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын топ-ЖОО тізімі бекітілді


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы бұйрыққа қол қойды, онда осы бағдарлама бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бекітілген тізімде 207 университет бар, оның ішінде Вена университеті, Кембридж, Оксфорд, Гарвард, Джонс Хопкинс Университеті бар.

Сондай-ақ, "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу және осы конкурсты 2021 жылы өткізу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау мерзімдері бекітілді:

құжаттарды қабылдау – 2021 жылғы 4 мамырдан 28 қазанға дейін;

конкурсты өткізу – 2021 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін.

Бұдан басқа 2021-2023 жылдарға арналған "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі бекітілді.

Министрдің бұйрығына сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқыту үшін ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындары үш халықаралық академиялық рейтингке және екі және одан да көп позициялардың алғашқы 250 (екі жүз елу) қатарына кіреді:

Квакарелли Саймондс (QS World UniversityRankings) әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі, әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities), Таймс (Times Higher Education World University Rankings) басылымының нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингі тізімді жасау сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес болуы керек.

Айта кетейік, биыл "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау жүйесі де өзгеріп жатыр. Ол енді үш кезеңді қамтиды. Маусым айында 90 стипендия, тамыз айында – 170 стипендия, қараша айында – 125 стипендия бөлінеді. Бұл стипендияны осы кезеңге берілген өтінімдерге сәйкес біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін 1 055 стипендия бөлінді, оның 555-і магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінетін болады. Тағы 500 стипендияны ғалымдар алады.

Стипендияға үміткерлерге академиялық оқу үшін 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандық ұсынылады.

2021 жылы "Болашақ" стипендиясына құжаттарды қабылдау тек EGov порталы арқылы ағымдағы жылдың 4 мамырынан 28 қазанына дейін үздіксіз жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеу аудио-және бейнетіркеуі бар арнайы әзірленген іріктеу порталында онлайн өтеді

Конкурстық іріктеу ағымдағы жылдың маусым, тамыз және қараша айларында үш лек бойынша өтеді.

Айта кетейік, "Болашақ" бағдарламасы 1993 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Ол қазақстандықтарға мемлекет есебінен академиялық оқудан (магистратура, докторантура) өтуге, сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы бұйрыққа қол қойды, онда осы бағдарлама бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді.

Бекітілген тізімде 207 университет бар, оның ішінде Вена университеті, Кембридж, Оксфорд, Гарвард, Джонс Хопкинс Университеті бар.

Сондай-ақ, "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу және осы конкурсты 2021 жылы өткізу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау мерзімдері бекітілді:

құжаттарды қабылдау – 2021 жылғы 4 мамырдан 28 қазанға дейін;

конкурсты өткізу – 2021 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін.