22 қыр, 2022 сағат 15:28

Блогер Каспий теңізінің таязданған аумағын көрсетті


Қазақстандық блогер Маңғыстауда Каспий теңізінің таязданған аумағын көрсетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Travel-блогер Нұркен Әжібай Каспий теңізін әуеден дронмен түсіріп алған.

"Видео бүгін түсірілді. Маңғыстау шығанағының оңтүстік жағалауындағы Сартас маңы. Таязданған аумақ ауқымды, су жағалаудан 300-350 метрге тартылған. Мен таңғалдым", - дейді блогер.