24 мау, 2022 сағат 11:37

БҚО-да атасымен бірге жоғалып кеткен 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр


БҚО-да Шалқар көлінде немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды. Құтқарушылар баланы іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 22 маусымда Шалқар көлінде болған. Үрленетін матраста отырған 8 жастағы бала жел екпінімен көлдің ортасына кетіп қалған. Оны 1957 жылғы атасы құтқармақ болған.

Атасы мен немересін іздеуге Шалқар көліндегі құтқару бекетінен 5 адам бір қайықпен шыққан, бірақ бұл нәтиже бермеген. Кейін іздестіру жұмыстарына "ҚазАвиаҚұтқару" АҚ ұшағы қосылған.

"Сағат 23:00-де БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ер адам қарсы жағалаудан табылғанын хабарлады. Ол аман-есен, жағдайы қанағаттанарлық", - делінген хабарламада.