14 қар, 2019 сағат 11:26

БҚО-да 45 тонна бидай өртеніп кетті

Бидайдан басқа 15 тонна тары, 16 тонна арпа және 30 тонна жүгері өртеніп кеткен. Өрт Бәйтерек ауданындағы Переметное елді мекенінде 13 қараша күні сағат 21:00 шамасында болған, – деп хабарлайды «Мой город» басылымы.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өртенген қойма «Калининское» ЖШС аумағында болған.

«Қоймада 45 тонна жаздық бидай, 15 тонна тары, 16 тонна арпа, 30 тонна жүгері өртеніп кетті. Өрттің жапы аумағы 600 шаршы метрді шарпыды. Сонымен қатар, фронтал тиегіш те жанып кеткен. Қойманың шатыры жартылай құлаған. Өрттің неден шыққаны, шығыны мен кінәлі адамдар анықталып жатыр. Өрт толықтай сағат 00:01 шамасында сөндірілді. Өртті сөндіруге 7 өрт сөндіруші мен 2 арнайы техника және 15 ауыл тұрғыны қатысты» деді БҚО төтенше жағдайлар департаментінде.