23 қаз, 2018 сағат 12:11

"Біздің саяси элита «ақидасын» таба алмай, әлі күнге дейін адасып жүр..."

Комсомолдың кешегі 100 жылдығы – өскелең ұрпаққа үлгі көрсетуі тиіс болған біздің саяси элитаның өзі бағыт-бағдарын, «ақидасын» таба алмай, әлі күнге дейін адасып жүргенін көрсетті. Бұл біздің қазіргі жүйенің диагнозы. Осы 25 жылдың ішінде отарсыздану процесін жүргізгенде, дәл мұндай саяси сорақылық болмас еді бізде қазір...

Бірақ бұл «мерейтойға» қатысқандардың ішінде халыққа жаны жақын тұлғалар бар. Бәрін бір шыбықпен айдай салғанымыз да дұрыс емес шығар. Ол – Иманғали Тасмағамбетов. Тәуелсіздіктің алтын бесігі - Алматының қақ төрінде өткен біртүрлі жиынды әлеуметтік желідегілер қатты сынға алды ғой, көрдіңіздер. Солардың арасынан Иманғали ағамызды да байқап қалдым да, әттеген-ай, қосақ арасында кететін болды ғой дедім. Еріксіз келіп қатысқан адам екені көрініп-ақ тұр. Ол кісі комсомол комитетінде бірінші хатшы болып жұмыс істеп, бірнеше жыл бойы Атыраудағы комсомолдың одағын басқарған.

Жиынға қатысқандардың көбі жан-тәнімен сол кезеңді аңсайтындар болғанымен, дәл Иманғалидың бойынан ондай құлшынысты, ондай біртүрлі патриотизмді байқай қоймадым. Керісінше, осы бір даңғаза шуды аса жақтырмайтыны, өзін басқа бір ортаға түсіп қалған адамдай сезініп тұрғаны көрініп тұрды. Мәскеуде елші болып істейтіні тағы бар.

Бұның бәрі сол жақтан келіп жатқан «эпидемия» ғой. Биліктің өзі рұқсат беріп отырған комсомолдың 100 жылдығына арнайы келіп қатыспаса, тағы екі оттың арасында қалатыны белгілі жәйт еді. Мұндайда саяси жүйеге қарсы шығып, ағысқа қарсы жүзгеннен гөрі үндемей-ақ сол «сектанттардың» шабашына келіп қатысса, өзіне де, халықтың қамы күшін де әлдеқайда дұрыс шешім болып шығады. Имекеңнің бұл жиынға осындай оймен келгеніне күмәнім жоқ. Тасмағамбетовтың командасында жұмыс істеген, оны бір кісідей білетін адам болған соң айтып отырмын!..

Жолымбет Мәкіштің фэйсбуктағы жазбасынан