26 қаң, 2018 сағат 10:45

Біз ешқандай реформа жасамаймыз. Нақты тапсырмаларды орындаймыз - Асанов

Таяуда ғана ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалған Жақып Асанов Президент Нұрсұлтан Назарбаев оның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап. 

"Елбасы мені осы қызметке ұсына отырып, алдыма басты міндет қойды – адамдардың сотқа деген сенімін арттыру. Заңның үстемдігі азаматтар соттың әділ шешімін алған кезде ғана қамтамасыз етіледі, олардың құқықтары толығымен қорғалады. Ал қазір бұл жөнінде айту әлі ерте. Бұл - менің сөздерім емес, мұны Мемлекет басшысы өткен жылдың жазында айтқан болатын", — деді Асанов. 

Жоғарғы сот төрағасы бүгінгі баяндамасының судьялар мен адвокаттардың ұсыныстарынан тұратынын, солардың пікірін жеткізетінін атап өтті.

"Әріптестер, менің сіздерге айтарым бар. Менің баяндамамда судьялар мен адвокаттардың ұсыныстары топтастырылған. Былайша айтқанда, менің баяндамам өзекті тақырыптар бойынша түскен идеялардың ықшам түйіні. Бұл тек судьялар мен адвокттардың пікірі екенін ескерсеңіздер болды. Мен тек солардың ұсыныстарын жеткіземін", — деді ол. 

"Басшылыққа таяуда келгендіктен, сот жүйесінің қандай да бір кемшін тұстары туралы айту жөн болмас. Оның үстіне түбегейлі өзгерістерді жария ету. Бірақ мен бір нәрсені атап өткім келеді, біз ешқандай реформа ұсынбаймыз. Судьялардың жетінші сьезінде Президент берген нақты тапсырмалар бар. Осы бойынша жұмысымызды жалғастырамыз", — деді Асанов.