Биылғы жылдың 7 айында қазақстандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2 есеге артты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Әуе рейстері біртіндеп қалпына келтіргеннен кейін биыл өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер өсті.
2021 жылдың 7 айында тасымалданған жолаушылар саны 96% артып, 5,1 млн адамға жетті.
«2020 жылдың осы кезеңінде 2,6 млн адам, ал 2019 жылы 4,6 млн адам болған. Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны саны 58% артып, 8,1 млн адам болды»,-делінген хабарламада.