Фото: ҚР ОАМ
Білім ошақтарының 45%-ы ауылдық жерлерде салынады. Ал, өткен жылы жаңа үлгідегі 105 мектеп ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған. Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдай жасайды, - делінген хабарламада.
Жалпы елімізде 4 миллионға жуық оқушы бар. Оның 2,3 миллионы қалада, 1,6 миллионы ауылдық жерде білім алуда.