Биылғы жылдың соңына дейін 5 мыңнан астам елді мекенге интернет қосылады. Осы жоба аясында байланыс операторлары «Шеринг» шартына қол қойып, бір-бірінің базалық станцияларын пайдалана алатын болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта барлық қала және 4 500-ден астам ауыл әр түрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін жалпы 5 200-ден астам елді мекенге интернет жеткізіледі», – деді Бағдат Мусин үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, интернет желісін дамыту үшін елде екі ауқымды жоба жүзеге асып жатыр. Оның біріншісі – мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетігі арқылы оптикалық интернет тарту. Бұл туралы министр Бағдат Мусин сандарды сөйлету арқылы түсіндіріп берді.
«Жоба бойынша 2,4 миллион адам тұратын 1 260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға ғана оптикалық линия тартылса, биыл мыңға жуық ауыл қосылуда. Пандемияға қарамастан жұмыстар толық орындалып жатыр. Бұл жобаға 75 миллиард тенгеге жуық инвестиция тартылды. Жоба аясында 3 700 мемлекеттік органға байланыс жеткізілді», – деді ол.
Сонымен бірге, екінші жоба халқы 250 адамнан асатын 928 ауылдық елді мекенді 3G және 4G технологиялары бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді. Бұл үшін жоба аясында операторлар «Шеринг» шартына қол қойып, бір-бірінің базалық станцияларын пайдалана алады.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 72 елді мекен мобильді интернетке қосылған. Бұл жобаның орындалуы үшін операторлар төлейтін арнайы салық төлемдері төмендетілуде.
«Тиісті нормалар мәжілістің қарауынан өтті. Сондай-ақ, мобильді байланыстың базалық станцияларын оптикаға қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Мусин 5G ұялы байланыс стандартын енгізу жайы тағы бар. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желісі 2022 жылы іске қосылады. Ал облыс орталықтарында 2025 жылға дейін қосу жоспарланып отыр», - деді Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Айта кетейік, бүгінде барлық білім алушылар қашықтан онлайн оқып жатқаны белгілі. Осы орайда интернет мәселелері де шыға келді. Кемшіліктердің алдын алу үшін Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхамед қашықтан оқып жатқан білім алушыларды тегін интернетпен қамтамасыз етуді талап еткен болатын. Bilimland.kz, Daryn.online және Kundelik.kz негізгі білім беру платформаларының жұмыс істеу жылдамдығы төмен деп сынға алған сенат депутаты оларды негізгі білім беру платформалары екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Биылғы жылдың соңына дейін 5 мыңнан астам елді мекенге интернет қосылады. Осы жоба аясында байланыс операторлары «Шеринг» шартына қол қойып, бір-бірінің базалық станцияларын пайдалана алатын болды. Ал қазіргі уақытта барлық қала және 4 500-ден астам ауыл әр түрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін жалпы 5 200-ден астам елді мекенге интернет жеткізіледі.