11 мау, 2020 сағат 16:38

Биыл «Ақ жол» газетіне 100 жыл толады

«Ақ жол» газеті алғаш рет 1920 жылы 7 желтоқсанда жарық көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақжол» жинағымен 12 жыл айналыстым. 6 жылда бұл газеттің 613 саны шыққан екен. Оның бәрін табу оңай болмады. Кезінде Ақмешіт астанамыз болды, тағы бір кезде құбыламыз Орынбор, Омбы болды. Солардың бәріне сұрау салдым. Мәскеу мен Алматының кітапхана, музейлерінің бәрін қарап шықтым. Әріптері өте ұсақ болғандықтан және жарық көргеніне жүз жыл болғандықтан оны ұлпамен оқып, түсінетін адамды алып барып, жинақтадым», - дейді аталған кітапты құрастырушы Ханбибі Есенқарақызы. 

Ол «Ақ жолдың» 60%-ына жуығын Мәскеуден алып келгенін айтты.

«Жинақ 30 том болады деп жобалап едік, 25 томға сыйғыздық. Биыл «Ақ жолдың» шыққанына 100 жыл болады. Алғаш рет 1920 жылы 7 желтоқсанда жарық көрген. 2025 жылы 16 маусымда «Ақ жол» газеті Ташкенттен Шымкентке көшіріліп, 15 наурызда соңғы саны шыққан. «Ақ жол» өзінен бұрын ашылған «Қазақ» газетінің жалғасы еді», - дейді Х.Есенқарақызы.