19 сәу, 2024 сағат 14:58

Бишімбаевтың соты: адвокаттар алқасының басшысы мәлімдеме жасады


Фото: Жоғарғы сот


Республикалық адвокаттар алқасы төрағасы Айдын Бикебаев Бишімбаев ісіне қатысып жатқан әріптестерін талқыламауға шақырды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Айдын Бикебаев әлеуметтік желідегі парақшасында әріптестерін Қуандық Бишімбаевтың ісімен айналысып жатқан адвокаттарды талқыламауға шақырды.


"Адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырамын. Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокатураның беделін ойлауы тиіс. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы алдағы күндері осы іске байланысты барлық мәселелер бойынша аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізеді", - деп жазды Айдын Бикебаев.


Айта кетейік, сот барысында көрермендер сотталушының адвокаттарына қатысты көптеген жағымсыз пікірлер айтқан болатын.