ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер нөсерлі жаңбыр салдарынан бірнеше өңірде өзен суының деңгейі көтерілуі мүмкіндігін ескертті, деп хабаралйды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 5-6 маусымда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 6 маусымда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде күшті жел тұрып, солтүстік-батыстан секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел ұйытқуы мүмкін. Жекелеген аудандарда тұман түсіп, нөсер соңы бұршаққа ұласады. Ауа температурасы түнде 2-7 градусқа, түнде 10-15 градусқа дейін түсуі мүмкін. Кей жерлерде темпертура 18 градус деңгейінде сақталады. 5 маусымда Қостанай облысында да ауа температурасы 2-7 градусқа дейін түседі. Ауа райы бұзылуының ықтималдығы - 85-90%» - деді комитет өкілі бүгін ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бірнеше облыста толассыз жауын әсерінен өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.
«Бұл «Қазгидрометтің» 3 маусым күнгі мәліметі. Ал 4 маусым күнгі ақпарат бойынша, 5-7 маусым күндері Шығыс Қазақстан облысында, 6-7 маусым аралығында Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін» - деді Владимир Беккер.