LOT Polish, FlyDubai Қазақстанға ұшатын Boeing-тарын алмастырды. Бұл жайында Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
LOT Polish әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын Boeing 737 MAX әуе кемесінің орнын Boeing 737-800 NG (Next Generation) ұшағымен алмастырды. Сондай-ақ, FlyDubai авиакомпаниясы 737 MAX әуе кемесімен ұшуды тоқтатты. FlyDubai елімізге Boeing 737-NG (Next Generation) ұшақ түрімен ұшуға рұқсаты бар екенін атап өту керек. Осыған орай, біз жолаушыларға әуе компанияларының өкілдерімен ұшу / келу уақыты туралы алдын-ала біліп отыруы керек. Себебі, ұшу кестелерінде өзгерістер орын алуы мүмкін», - деп жазды комитет Фейсбуктегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырағандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады.