Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады. Синоптиктер 17-19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, елдің көп бөлігінде, Солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің әсерінен, әлі де найзағай соғып, жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей жерлерде тұман түседі.
"Батыста ауа температурасы түнде +17+25 градус, күндіз +28+39 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21 градус болады, күндіз термометрлер +20+36 градусты көрсетеді, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20, күндіз +23 +35, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22, күндіз +29+40 градус болады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.