Қыркүйек айының бірінші жұлдызынан бастап, педагогика мамандығында оқитын студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңгеге артып отыр. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл баға барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғарғы стипендия, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Белгілі болғанындай, Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинаған түлектердің педогогикалық бағыттағы мамандықтарды таңдай бастаған. Бұл түлектер арасында сұраныс бар дегенді білдіреді.
«Ресми статистикаға сүйенсек, өткен жылы педагогика мамандығын таңдаған студенттердің стипендиясы 21 мың теңгені құраса, президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өскен еді. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңге мөлшерінде болып отыр. Бұл барлық мамандықтың ішіндегі ең жоғарғы стипендия болады. Айта кетерлігі, студенттер кешеден бері осы стипендияны ала бастады. Бұл жас педагогтардың сұранысын арттырып, ынтасын күшейтуге деген бірден бір жол деп түсінемін» - деп жазды Аймағамбетов Facebook парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, биыл педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл бірден 70-ке дейін көтерілді. Өткен жылы қабылданып, биыл күшіне енген «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін осы мамандыққа деген қызығушылық артқан. Мысалы, биыл «Алтын белгі» төсбелгісі иегерлерінің арасында педагогикалық мамандықты таңдағандардың саны 1,7 есе өсті. Ал көптеген бағыт бойынша орташа балл 100-ден асты. Бұрын педагогикалық мамандыққа түсетіндердің орташа балы 65-ті құрайтын.
«Сонымен қатар, білім алушылар үшін докторанттардың стипендиясы 102 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өсті. Мұндай шара жас ғалымдарды қолдау үшін өте маңызды, өйткені докторанттардың отбасылары бар және олар өз зерттеулерін жүргізумен айналысады. Біз осы мәселе төңірегінде жастардың терең білім алып, ғылым жолында ізденулеріне мүмкіндіктер беріліп отыр, - деп атап көрсетті Аймағамбетов.
Бұдан бөлек, 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттік гранттың құны айтарлықтай өскен. Мұның маңыздылығы: жоғары оқу орындарында оқытушылардың жалақысын арттырып, материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Қыркүйек айының бірінші жұлдызынан бастап, педагогика мамандығында оқитын студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңгеге артып отыр. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл баға барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғарғы стипендияны құрап отыр. Сонымен қатар, өткен жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, биылдан бастап күшіне енген. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Заңда педагогтің әдебі, кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары, педагогті материалдық және материалдық емес қамтамасыз ету, т.б. мәселелер қамтылған.