#
#
Cәрсенбі 25/11/2020

Бейруттегі жарылыс Арыс оқиғасын еске түсіреді

  • 05.08.2020
  • 0
  • 1622

Бейруттегі кешегі жойқын жарылыс жайында түрлі жорамалдар айтылуда.

Расында да соңғы 40 жылда кезінде "Таяу Шығыстың Парижі" саналған Ливан астанасы сыртқы күштердің тепкінінен көз ашпай келеді. АҚШ флотының бомбылауы, Израильдің басқыншылығы, Сирияның тізе батыруы, Иранның Хезболла мен Әмәл сияқты ұйымдары арқылы арандатуы, палестиналық босқындардың шектен шыққаны - не көрмеді бұл ел.

Суннит, шиит, друз, христиан, маронит, т.б. болып жікке бөлінген қоғамның іштей алауыздығы да толастамай келеді. 

Алайда соңғы қасірет террорлық әрекеттен гөрі жемқорлық пен лауазым иелерінің салдыр-салақтығына, жауапсыздығына көбірек ұқсайды. 

Өткен жылғы біздегі Арыс оқиғалары еріксіз еске түседі. Жарылыс бойынша тергеу нәтижесін әлі ести жатармыз. 

Десе де кей кездері қауіп-қатердің сырттан ғана емес іштен де болатынын ұмытпай, оның алдын алу шараларын дер кезінде қабылдау керек.

Расул Жұмалының жазбасы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар