01 қаң, 2017 сағат 18:05

Белгісіз адам Ыстамбұлда мешіт жамағатына оқ жаудырды

- Белгісіз адам Ыстамбұлда мешіт жамағатына оқ жаудырды, деп хабарлайды Лайф.ру.

Жергілікті БАҚ 2 адамның жарақат алғаны туралы хабар таратқан. Олар қазіргі уақытта ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Қаскөй ізін жасырып үлгерген.

Еске сала кетейік, өткен түні Ыстамбұлда түнгі клубтағы қонақтарды ер адам көліктен оқ жаудырып, қырып салған болатын. Соңғы деректер бойынша, ол 39 адамды өлтіріп, 69-ын жаралаған екен. Әзірге ешбір лаңкестік ұйым бұл әрекетті өз мойнына алған жоқ.