06 қар, 2025 сағат 17:35

Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың ұлы дүние салды


Фото: instagram.com/aigerim.abzhan

Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы дүние салды, деп хабарлайды Ult.kz.

Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді.

"Суыт хабар. Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!", – дедіҚұдияр Біләл желідегі парақшасында.


Ақынның жары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова биыл сәуір айында дүниеден өткен. Шахановтың тағы бір ұлы Рауан Шаханов 2021 жылы қайтыс болған еді.

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілде Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, драматургі. Қазақстан халық жазушысы.