23 шіл, 2018 сағат 12:11

Бауыржан Бабажанұлы. Өмірзая

Бүгін - 28 жасында із-түзсіз жоғалып кеткен талантты ақын Әділ Ботпановтың туған күні. Тағдыры тылсымға толы таланттың өмірде бар-жоғы әлі күнге белгісіз. Дегенмен Темірхан ақынның аузымен «алтынкөпірліктер» атанған тұтас бір буын оның жоқшысына айналды. Жарас Сәрсек, Бауыржан Бабажанұлы, Маралтай Райымбекұлы, Қазыбек Құттымұратұлы секілді белгілі ақындар естеліктер жазып, есімін жаңғыртып, шығармаларын насихат етіп, жоғалған ақынды арамызға қайта әкелгендей болды. Осы жігіттердің бастамасымен Әділдің «Өмірзая» атты кітабы жарық көрді.

Бүгінгі атаулы күнге орай Әділдің досы, белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлының "Өмірзая" атты естелік жазбасын тағы бір мәрте оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

***

32-автобустан «ҚазМУ қалашығы» аялдамасынан түсіп, заң факультетінің корпусына қарай беттей бергенім сол еді, ту сыртымнан біреудің: 

— Ей, темекің бар ма? — деген үні жалт қаратты. Бұрылып қарасам, аласа бойлы, бұйра шашты, қараторы жігіт маған тесіле қарап тұр екен. 

Әскерден оралғанына жаңа ғана жыл толған әрі жұмысшылар жатақханасында талай қиян-кескі «шайқасты» көрген маған бейтаныс біреудің «ей...» деп сөйлеуі ұнай қойған жоқ, әрине. Әсіресе, үсті-басымды шола қарап, басын кекжите қалуы тіпті «нервіме» тиді: «Тұмсықтан перер ме еді?». Іле-шала тағы бір ой кимеледі: «Сабыр, Бауыржан, сабыр, сен енді жұмысшы емес, студентсің ...». Өзімді өзім әрең ұстап: 

— Жоқ, — дедім. Тісім шықыр ете қалды. Аяғымды жылдам басып, аялдама маңынан тез кетіп қалуға тырыстым. 

...1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғасын келесі жылы ҚазМУ-дың филология факультетініне құжат тапсырғандар күрт көбейді, бір орынға 18 талапкер таласыппыз. Алты ай ақылы даярлық курсында оқығаным бекер кеткен жоқ, студент атанған шоғырдың ішінде мен де бар едім. Сол кезде ұстаздарымыз тамыз айының соңғы күнінде заң факультетінің алдынан ауыл шаруашылығы жұмыстарына аттанатынымызды ескерткен. Мынау соған келе жатқан бетім. 

Тым ерте келіппін. Жалғыз өзім сопайып тұрмын. Бір кезде тағы біреудің қарасы көрінді. Қарасам, әлгінде менен темекі сұраған жігіт екен. «Қап, мынадан құтылмадым-ау». 

— Сен де биыл түстің бе? — деді ол жақындап келіп. Басымды изедім. 

— Мен де. Әділ, — деді ол қолын ұсынып. Қолы нәзік екен, қаланың баласы екені көрініп тұр. 

Әңгімеміз аса жараса қойған жоқ. Бір кезде жұрт жинала бастады да, Әділ таныстарын кездестіріп, солармен кетті. Даярлық курсында бірге оқығандар мен «балмұздақ» (Алматыда абитуриенттерді солай атайды — Б.Б.) кезде бірге жүргендердің бәрі «құлап» кеткендіктен, мен ешкімді танымайтынмын. 

Жолбасшы ұстаздардың айтуынша, қыздар көп түсетіндіктен филфак «женский факультет» аталады екен. Сондықтан да бізге жұмыстың да жеңілі тиетінге ұқсайды. Алматыдан бірер сағат жердегі Шелек ауданының «Қазақстан» кеңшарында жүзім тереді екенбіз. 

«Қазақстанда» бізді Мәдениет үйіне түсірді. Директоры ақ көңіл жігіт екен, бірден музыкалық аспаптары бар бөлменің есігін ашып тастады. Бір-бір домбыра ұстаған жігіттер ана тұстан, мына тұстан әндете бастағанда қыздар жиналып қалды. Олардың арасында да әншілері көп екен. Сөйтіп орналасып үлгермей жатып, әжептәуір концерт басталды да кетті. 

Сәлден соң бізді бөлмелерге бөліп, орналастыра бастады. Жоғарыда аталған Заңның ықпалы болса керек, жігіттердің қарасы қалың еді. Әрі Білім министрлігі сол Заңға арқа сүйеп, үздік шыққан 50 балаға қоса «құлап» тұрған 25 талапкерді оқуға қабылдау туралы шешім шығарған. Әрі сол жылы орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер даярлайтын топ та ашылған болатын. Сондықтан да біз көп едік. 

Осы жерде тағы ши шыға жаздады. Бір кереуетті иеленіп, жайғаса бергенімде Әділ келді де: 

— Жігіт, басқа жерден орын тауып алғаныңыз дұрыс, мына жерде Балтабек жатады, — дегені. Бауыржан деген жоқ, мүлде танымайтын адам секілді «Жігіт...» деді. Қаным басыма тепті. Сол кезде Қайсар ағай кіріп келіп, абырой болды, әйтпесе бір сойқанның болары анық еді. Түсім қатты бұзылып кетсе керек, Әділ бұрылып жүре берді. «Қап, қолыма бір түсерсің...». 

Кешке тағы да ду басталды. Оқуға түскенімізді атап өтуіміз керек екен. Әрі арамыздағы Ержан деген жігіттің туған күні болып шықты. Бір-бірін абитуриент кезінен білетіндердің әңгімесі жарасып-ақ тұр. «Үш сомнан жинайық, самогон сатып алайық...» десті жігіттер. «Кассиріміз» — Әділ. Жігіттердің бәрінен сыпырып ақша жинап жатыр. Алай өтеді, былай өтеді, тек маған бұрылып қарайтын емес. Мұнысы әбден қытығыма тиді. 

Жетіп барып: 
— Әй, Әділ, менен неге ақша алмайсың? — дедім. Сасып қалды білем, қалбалақтап: «А, сенен алмадым ба, байқамағанмын ғой», — деп жатыр. Сол-ақ екен, арамыздағы тоң жібіп сала берді. 

Жігіттердің бәрі өнерлі екен. Бірі ән салып, бірі өлең оқып жатыр. «Анау дүр, мынау да дүр, мен де дүрмін», — деп Есенғали айтпақшы, кіл мықты екенбіз. Езуін қисайта күліп отырған Әділ ғана ешқандай өнерін көрсетер емес. Әдебиет туралы дауға да араласқан жоқ. Тек анда-санда жанында отырған Балтабекке жаргонмен бірдеңелерді айтып қояды. Басында аса жаратпай отырғаныммен ол маған бірте-бірте жылыұшырай бастады. Өзін тіпті бұрын бір жерде көрген сияқтымын. «Өй, мынау...». 

— Сен Ботпановсың ба? Даусым біртүрлі қатты шықты. Онымды анау да сезді білем: 

— Болсақ болармыз, — деді жайбарақат. Сосын әңгімені басқа жаққа бұрып жіберді. 

Соның алдында ғана «Жалын» журналынан өлеңдерін оқығам. Өте ұнаған болатын. Әсіресе, Мұқағалидың әйгілі өлеңінің ізімен жазылған «Махаббат диалогындағы»: 

— Өлсем ше? Иә, өлсем нетер едің? 

— Ақ бөз боп өзіңді орап кетер едім... — деген жолдары ерекше әсер еткен. Сол Әділмен бір курста оқимыз деп кім ойлаған. 

Кім-кімді де «ішіне» жібере қоймайтын кіді Әділмен «сельхозда» жүргенде менен гөрі жанымдағы Батырболат жақсы араласты. Әділдің жаңа жазған өлеңдерін маған сол оқып беретін. Жүзім теріп жүрген кезде ол мынадай өлең жазды: 

Ұнатам күзді, 
Жапырақтарды уақыттың алып ұшқаны, 
Түскені жерге... сандалып, сабылысқаны. 
Қор болып қалды-ау сап-сары сағыныштары, 
Жұбатам күзді. 

Бақта да сәнді 
Қыдырам алыс ақылгөй ақымақтардан, 
Жұбатам сосын көңілді қақырап қалған. 
Бақыттырақпын мен аздап жапырақтардан, 
Мені ешкім таптамаған-ды. 

Дегенмен-дағы, 
Өмірдің соңы сап-сары бақ боларына, 
Тірліктің күйкі отына қақталарыма, 
Жапырақ сынды бір күні... тапталарыма 
Сенем мен тағы. 

Бәрі де бекер, 
Мәңгілікті ойлап қайдағы кетілді жаным, 
Өлемін ақыр... оған да бекінді тәнім. 
Тек қана жапырақтардың соңғы әні секілді әнім 
Әріге кетер... 

Жаңбырлап қыз-күз, 
Көңілсіз күйдің түскенде торына ғалам 
(Болмашы бақыт тапқанда сорынан адам), 
Жапырақтарды бүріскен қолыма алам, 
Тағдырласпыз біз... 

«Сағыныш» деп аталатын мына өлеңін курстастар да лезде жаттап алды. 

САҒЫНЫШ 

Осылай, жаным, ұдай 
Кетісіп сағынармыз. 
Адамның бәрі — құдай, 
Құдайдың бәрі — жалғыз. 

Тағдыр сол желөкпе тек, 
Нетеміз, көнеміз де. 
Кетеміз бөлек-бөлек 
Бейшара кемемізде. 

Кетеміз жағамызға, 
Алысқа үңіле кіл. 
Қайталап санамызда: 
«Жалғыздың жүгі жеңіл», 
Жалғыздың жүгі жеңіл... 

Соңғы сөз, соңғы нүкте 
Бірлікке тыйым салар. 
Жалғыз жан торға іліксе, 
Тірлікте қиын соғар. 

Осыны ойламадық, 
Жаным-ау, қате еді бұл. 
Асқақтық бойлап алып 
Біздерді кетеді кіл. 

Сезімге жарымаған 
Жылайды әлі кеуде. 
Құдайдың бәрі де — адам, 
Адамның бәрі — пенде... 

Көп ұзамай студенттер арасында «Бірінші курсқа Әділ деген ақын жігіт түсіпті. Өлеңдері сұмдық. Бірнеше жинақтарға еніпті. Жақында жеке жинағы шығады екен» деген әңгіме тарап кетті. Жоғары курста оқитындар да Әділге құрметпен қарайтын. Көп ұзамай оның «бытовкасына» (сол жылы бірінші курстықтарға бөлме тимей, тұрмыстық қажеттіліктерге арналған бөлмелерге орналастырылған болатын — Б.Б.) Жарасқан, Ұлықбек, Мәди (Қайыңбаев) секілді ақындар жиі бас сұғатын болды. Марқұм Жарасқан ағаның кейін біздің арамызда әрі қарай «дамытылған» «Ақын Әділ Ботпанов Келе жатыр водка алып...» деген өлеңін де сондай кештердің бірінде тыңдадық. Ағаларымыз Әділдің ғана емес, біздің де темірқанат өлеңдерімізді ықыластана тыңдайтын. Кейде тіпті мақтап та жібереді. Бізді мақтамайтын — тек Әділ ғана... 

Жарасқан ағаның Әділдің оқуға түсуіне де септігі тиіпті. Жалпы, біздің ерке досымыз мен сияқты оқуға үшінші рет құжат тапсырғанда ғана тұяқ іліктіріпті. Онда да Жарасқанның арқасында. 

Алматыда тамыры мен танысы көп Ботпанов үшінші емтиханның уақытын шатастырып, келмей қалады. Түстен кейін келсе, емтихан әлдеқашан бітіп кеткен, қабылдау комиссиясындағы қыздар есікті көрсетіпті. Жаны қысылған Әділ бірден Жарасқан ағасына тартады. Жәкең түнде қонақтан келіп, енді тұрып жатыр екен. Алқын-жұлқын әңгімесін айта бастаған інісінің сөзін кілт тыйыпты: «Фамилияң кім, бала?». Әділ аң-таң. Өйткені ағасы мұның фамилиясын жатқа біледі ғой. Жәкең сұрағын тағы қайталайды. «Ботпанов...». «Ботпанов болсаң саспа, оқуға түстім деп есепте», — дейді Жәкең. Әділге енді «оқуға түскенін» «жуғаннан» басқа амал қалмайды... 

Ертесіне таңертең Жарасқан аға қасына Әділді ертіп, ҚазМУ-ға тартады. Бұл күні мұнда болашақта орыс мектебіне қазақ тілінен сабақ беретіндер емтихан тапсырып жатыр екен. Жәкең Зейнолла Қабдолов пен Тұрсынбек Кәкішевке жолығып, мән-жайды түсіндіреді. Сонымен, «кеше аяқ астынан ауырып, дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған талапкер Әділ Ботпановқа бүгінгі лекпен емтихан тапсыруға рұқсат» беріледі... 

Түнде «оқуға түскенін» қаттырақ тойлап жіберген Әділ емтиханды да қатырмапты. Қырсыққанда Қобыландының астындағы атының «аты» есіне түспей, діңкесі құриды. Сонымен, бірде-бір сұраққа дұрыс жауап бере алмаған ол комиссия төрағасы Тұрсынбек Кәкішевтің алдынан бір-ақ шығады. Абырой болғанда, оның жанында Жарасқан ағасы отыр екен. «Өй, мына баланың білімі нашар ғой...», — дейді Тұрсекең қағазға үңіліп. Алдында «Қазақ әдебиетінің» соңғы номері жатыр екен. Онда Әділдің бір топ өлеңдері жарияланған. «Мынаны сен жаздың ба?». «Иә, мен. Менің өлеңдерім мынадай-мынадай жинақтарға енген ...», — дейді ол «тал қармап». «Әй, мына баланың берген жауабы екі қоюға да жетпейді екен. Мұның бағасы — «1», — деп әуелі Әділдің зәресін ұшырған Тұрсекең: «Бірақ өлеңіне «4» қоюға болады. Екеуін қосса «5» болмай ма?» — дейді Жарасқанға бұрылып. Жәкең қостап, екеуі қарқ-қарқ күледі. Міне, Әділ оқуға осылай қабылданған... 

«Бірде Кеңшілік аға Бабыр туралы керемет әңгіме айтты. Менің ықылас қойып тыңдағанымды аңғарған болуы керек, «Сен осыны жазсаңшы», — деді. Мен Пушкин кітапханасында (Ұлттық кітапхана ол кезде солай аталатын — Б.Б.) бір ай отырып, көп деректер жинадым. Құдай қаласа, Бабыр туралы поэма жазамын», — дейтін Әділ. 

...Сол жылы Зекең журфакқа сабақ беретін болды да, бізге «Әдебиет теориясынан» Ұлттық Ғылым Академиясы М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтынан келген Бақытжан Майтанов дәріс оқыды. Бұрын университетте сабақ берген тәжірибесі жоқ ағайымыз бізге жас ғалымдарға қоятын талапты қоятын. Бір шығарма туралы айтар алдында: «Мынау кімнің шығармасы?» — дейді бірімізді тұрғызып қойып. Кіл ауылдан келген боқмұрын шетелдік жазушыларды «түстеп тани алмай», ұстазымыздың қаһарына ұшыраймыз. Бір күні Әділді тұрғызып еді, ол әлгі шығарманың авторын айтып қана қоймай, оны талдай жөнелді. Сол-ақ екен лекциямыз Майтанов пен Әділдің арасындағы әңгімеге айналып жүре берді. Біз әлі ести қоймаған неше түрлі әдеби ағымдар, ақындар мен жазушылар туралы қызықты деректер айтылды. Ай, Бақытжан ағамыздың сол күні бір қабағы жазылды-ау, әйтеуір. «Бірінші курста Әділ Ботпанов деген студент бар. Білімі профессордың деңгейінен кем емес», — депті кафедраға барып. 

Шетел әдебиетінен дәріс беретін Сагалович апайымыз да бір сабақ үстінде Әділге қатты риза болған. Тек орыс тілінен лекция оқитын әдемі келіншек қана «тәртібі нашар» Ботпановқа сәл қырын қарады... 

Ол кезде күнде думан, күнде той. «Филфак, журфак бір туған, истфак итті кім туған?» деп өлеңдетіп, журфакка барамыз не олар бізге келеді. Гүрілдеп өлең оқимыз. Мұндайда Әділ «жауызға» айналады. Ол талдағанда әп-әдемі өлеңіңнің быт-шыты шығады. Біреулерге тіпті «сен өлең жазуды қой!» деп үкім де айтып жібереді. Онымен таласатын Әмірхан Балқыбек қана. Әкесі Жұмабек: «Ең болмаса жақсы оқырман болып шығарсың», — деп бағыт-бағдар сілтеп, көп кітаптар оқытқан Әмірханның да білмейтін пәлесі жоқ еді. Оны Әділ де мойындағанымен, «шахановшалап жазғаныңды қой» деп өлеңіне тиіседі. «Екеуміз әдебиеттегі бақталастар болайық...» — депті бірде. 
«Бұл ҚазМУ-да менімен шендесетін ақын — Нұржан Қуантай ғана», — деді бір күні. 

«Журфакта Индира Өтемісова деген менің қарындасым бар. Нағыз ақын!» — деді бірде. 

Бір күні кешке Әділ бөлмеге кіріп келді де үнсіз тұрып қалды. Өзінде өң-түс жоқ. Көзі мөлт-мөлт етеді. Біз шошып кеттік. «Не болдылап?» жатырмыз. «Жұмағаң қайтыс болыпты...», — деді ол. 

Шынын айтқанда, мерзімді баспасөздерден өлеңдерін оқығанымыз болмаса, Жұматай Жақыпбаевты біз ол кезде көп біле бермейтінбіз. Жұмағаңның жыр қағанатын құрғанын, оның ең жас сарбазы Әділ болғанын сол күні естідік. Көп өлеңдерін сол түні оқыдық. 

Әділ Жұмағаңның қазасына арнап «Жан азасы» деген өлеңін жазды. Мынадай: 

ЖАН АЗАСЫ 

Құшақтап қайғы жабыққам-ды құр, 
Жабықпас жаққа кетермін. 
Ұйықтасам қара табыттарды кіл 
Аймалап жүрем, нетермін... 

Қашанғы енді ғашық балаша 
Соза да берем төзімді. 
Табыттың ішін ашып қарасам, 
Ішінен көрем өзімді. 

Үрейім ұшып, үдейіп күмән, 
Басқа бір келдім табытқа. 
Онда да өзім, не дейін бұған 
Қолымды созып жарыққа. 

Қолымды созып, жалын деп лаулап, 
Өшіріп үнін наланың. 
Арманды қуып тәнімнен аулақ, 
Алысқа самғап барамын. 

Санаға енді бұл да азық па екен, 
Тағы аштым табыт, бекеммін. 
Ішінде өзім — гүл нәзік өлең, 
Былдырлап жатыр екенмін. 
Былдырлап жатыр екенмін... 

Көп ұзамай жас ақындардың республикалық слеті өтті. Ол кезде мүшәйралар солай деп аталатын. Жамбылдан Бауыржан Үсенов келді. «Біз мұны Шымкенттен іздеп жүрсек, осында екен ғой», — деді кешті ұйымдастырушылардың бірі Темірғали Көпбаевты сахнаға шақырғанда. Тағы біраз ақын келіпті. Біздің Ботпанов «Жан азасын» оқып, екінші орын алды. Арамызда жүрген жігіттің мұндай құрметке ілігуі бізге қатты әсер етті. 

Інісі Біржан бізбен бірге оқығасын Бауыржан Үсенов біздің жатақханаға жиі келетін. Домбырамен ән айтқаны керемет еді. Әңгімелері тіпті ғажап. «Өлеңдерің күшті. Бірақ тек өлеңмен жан баға алмайсың. Газеттерге мақала жазып үйрен, қосымша нәпақа болады», — дейтін Әділге. 

Әділ сол кезде жақсы жазып жүрді. Тез жазатын. Соған қарағанда әуелі іште пісіріп алып, қағазға түсіретін болуы керек. Өлең жазғанда күй талғамайтын. Сенімен әңгімелесіп отырып, қағаз шимайлап отырады да «мынаны оқып көрші» дейтін. «Ай, мына Әмірхан өлең жазған кезде қасына адам жолатпайды екен», — деп күлетін. Лекцияларда ең соңғы партаға жайғасып алып, бірдеңелерді түртіп отыру әдеті еді. 

Оның сол тұстағы жырларының көбі өлім туралы еді. Біз себебін сұрасақ, қисық әңгімеге бұрып жіберетін. Жалпы, Әділ кей-кей оңаша сәттерде болмаса өлең туралы әңгіме айтқанды ұнатпайтын. Кез келген сұраққа қыңыр жауап беретіндіктен жұртшылық оны солай қырсық деп қабылдайтын. Бірақ оның жаны тым нәзік еді. Ал «қисықтығы» өзі жасап алған «қорғаны» болатын. 

«Әділдің ондай өлеңдер жазып жүргенінен қорықпаңдар. Адамда сондай бір өтпелі сәттер болады. Мұны көп ақындар бастан кешірген», — дейтін Бауыржан марқұм бізге. 

 Біз бірінші курста оқып жүргенде Светқали Нұржан, Сабыр Адай, Табылды Досымовтар журфакқа қонаққа келді. Оларға Алматыдан Жұмабай Құлиев пен Ерсайын Жапақ қосылыпты. Онда Светқалидың арқырап тұрған кезі... 

Ақын ағаларымыздың іздеп келуі кәдімгідей мерекеге айналды. Бірде оларды тыңдаймыз, бірде өзіміз өлең оқимыз. «Біздің буын сендерді басып озады!» деген Бақытжан Қосбармақтың сөзі ақ көңіл Баукең, Бауыржан Жақыптың көңіліне келіп: «Сендер бізді басып озсын деп жүрген жоқпыз ба осында?!» — деп көзіне жас алдырды. Бізді ықылас қойып тыңдаған ағаларымыздың Әділдің өлеңдерін ерекше ұнатқаны да есте қалыпты. 

Қалада өсіп, кішкентайынан түрлі ортамен араласқан Әділ кез келген «разборканы» да тез шешетін. Кей кезде жұдырығы жуан жігіттердің өздері иліктіре алмаған бейтаныс біреулер оның он бес минуттық «лекциясын» тыңдағаннан кейін-ақ жуасып шыға келетін. Қисыны мықты, ойы жүйелі еді. Айтқан әңгімесі ертеңіне-ақ жұрттың аузында жүретін. Ішіп алған кезде бірте-бірте киімдерін шешіп лақтырып, жалаңаш қалатындығы үшін қу тілді курстасымыз Бақыт Әметаевтың «дуалы аузымен» «Мадонна» аталып жүре берген Ербол есімді жігітке: «Басың бар адам секілді құлақшын киіп алыпсың ғой», — депті бірде. «Мадоннаның» «басы жоқ» (Әсіресе, ішіп алған кезде — Б.Б.) екенін білетін жұртқа бұл әжептәуір ермек болды. 

«Бір күн ақын болайықшы, Бауке», — дейтін бөлмеге келіп. Онысы — жүз грамдатайық дегені. Екеуміз мұндайда курстағы Шымкенттің мәрт жігіті Кенже Байназаровқа барамыз. Кенже қабағын шытпайды... Кейде көрші жатақханада тұратын Жарас Сәрсекке барып, «ақын болып» қайтамыз. 

Әділ менімен ғана «ақын болмайды», әрине. Ал үнемі «ақын бола берудің» ақыры жақсылыққа апарып соққан жоқ. Екінші курстың бірінші семестрінен кейін Әділ оқудан шығып, ауылына қайтты. «Бұл тоқсанда бізде он сегіз рет ағылшын тілі пәні өтіпті. Мен соның бар-жоғы он жетісінен-ақ қалып қойыппын», — дейтін сұрағандарға. Неге екені белгісіз, жұрт сияқты академиялық демалыс алып, кейін оқуын әрі қарай жалғастыруға құлқы болмады. Келесі жылы қыста бізді бір іздеп келді де, содан кейін ҚазМУ-ға ат ізін салған жоқ. Кеңес өкіметі құлап, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аласапыран кезге тап болған біздің де оны іздеуге мұршамыз болған жоқ. «Әділ үйленді, балалы болды» деген хабарды бізге көршісі Балтабек жеткізетін. 

1996 жылы Алматыда Қызылорда облысы мәдениетінің күндері өтті. Делегацияның құрамында Әділ де бар екен. Батырболатты тауып алып, екеуі біздің үйге келді. Сақал қойып, келісті жігітке айналыпты. Қалалық газетте жауапты хатшы болып істейді екен. «Жауапты хатшы деген — газеттің макетін жасайтын адам. Мына Әмірхандардың бес жыл оқитыны сол екен ғой, мен бес күнде үйреніп алдым», — деді қулана күліп. Таң атқанша әңгіме айттық. Біздің өлеңдерімізді тыңдап, пікірлерін айтты. Баспасөзге шыққан дүниелердің бәрін қадағалап отырады екен. Менің адресіме жылы сөз айтып, кәдімгідей қомпаңдап қалдым. «Біздің арамызда өлеңге басын тігіп жүрген Маралтай ғана, қалғанымыз дүние-боқты қуып жүрміз, — деді бір кезде. — Менде қазір бәрі бар: жұмысым жайлы, дағарадай үйім, әйелім, бала-шағам бар. Бірақ соның бәрін бір жақсы өлеңге қияр едім...». Жаңа ғана үйленіп жатқан әрі пәтерде тұратын маған, әрине, Әділдің бұл әңгімесі аса ұнаған жоқ, қызып қалғаны деп ұқтым. 

Ол өз өлеңдерін жатқа оқи алмайтын. «Мынадай өлең жазсаң, Қызылордада 10 мың теңге береді екен (Мүшәйрадан алған ақшасы ғой — Б.Б.)», — деп «Дат» деген өлеңін оқымақ еді, толық есіне түсіре алмады. Сосын «Ақындар» деген өлеңін оқыды. Бір-ақ жолдан тұрады екен: «Олар күлден гүл жасайтын тектілер». «Мынау өлең емес қой, — дедім мен, — Афоризм деуге келер, бірақ...». «Біз мұны өлең дейміз, — деді Әділ, — Жақында менің 35 өлеңнен тұратын жинағым шығады. Егер ол қазақ әдебиетінде жаңалық болмаса, онда мен өлеңді қойдым». 

Ертеңіне қимай қоштастық. Ал бірнеше айдан кейін «Әділ жоғалып кетіпті» деген хабар түсті. Қызылордадан курстастарымыз Мұрат пен Тұрар қайта-қайта қоңырау шалды. «Алматыға тартып кетпеді ме?» деген үміт қой. Сол кезде Қызылордада жұмыс істеп жатқан Бауыржан Омаров пен Амантай Шәріп ағалары да Әділді іздеп, табандарынан таусылыпты. Тіпті, бақсы-балгерлерге дейін барған. Жоқ. Содан әлі жоқ... 

... Өзге жұлдыздардан бұрын туып, айдың жанында ерекше жарқырап тұратын бір жұлдыз бар. Басқа жұлдыздар туған кезде жоғалып кететін оны қазақ Өмірзая дейді. Әділдің осы жұлдыз аттас тамаша өлеңі бар. Алғашқы кітабының атын да солай қойған. 

Иә, біз оқуға түскен жылы оның «Жалын» баспасында «Өмірзая» атты кітабы жатқан. Әне-міне шығады деп отырғанда «үстінен тағы бір қарап шығам» деп алып келді де, қолжазбасын жоғалтып алды. Қайта қағазға түсірем деп жүргенде біраз уақыт кетіп қалды. Кейін аласапыран заман басталып кетіп, кітап жайына қалды. Соңғы кездескен сәтте өзі айтқан 35 өлеңнен тұратын екінші жинағы да, меніңше, шыққан жоқ. Ал Әділді көрген кезде кітап шығару туралы ой түсімізге де кірмеген біздің алдымыз бір-екі жинақ шығарып үлгердік. Тағдыр-екең кейде осылай да ойнайды адаммен... 

Қазір біздің буын да ес жиып, етек жауып қалды. Жан-жағымызға қарайлай бастадық. Әділдің орны үңірейіп тұрғанын байқадық. Ең бірінші Жарас «Қайдасың Әділ?» деп «Қазақ әдебиетіне» мақала жариялады. «Келсеңші, өлең оқиық...», — деп аяқтапты мақаласын. Маралтай мен Әмірхан өздері шығарған «Кентавр» газетіне Әділдің біз оқымаған өлеңдерін жариялады. Еділ Анықбаев Қазақ радиосында бірнеше рет хабар ұйымдастырып, онда Кенже, Бақыттар Әділ туралы естеліктер айтты. Ал мен «Өмірзая» деген өлең жаздым. 

ӨМІРЗАЯ 

Өмірзая жұлдыз болып келем мен, 
Жарық жыр боп аспаныңда жылт етем. 
Салыстырсаң маған біткен өлеңмен, 
Тіршілігің тек әншейін қырт екен. 
Әділ Ботпанов. 

Тағдырың кеп байланды ма сөзіңе, 
Аспан жаққа аңсары ауған саяқ ұл. 
Басқа жұлдыз түспегендей көзіңе, 
Сол жұлдызда нең бар еді, әй, Әділ?! 

Су аяғы сіңгендей кеп құрдымға, 
Ай-жағалы қамқа-түнге оранып. 
Сол жұлдыздай сәл жарқырап тұрдың да, 
Аяқ асты кеттің бір күн жоғалып. 

Қос қабағың жауар бұлттай түнеріп, 
Жігеріңді жасытқанда қырт тірлік. 
Ай-ару қыз нөкерлерін жіберіп, 
Әлде сені әкетті ме тұтқын ғып? 

Жыр елінде көш бастасаң көсемдей, 
Шіркін, мен де табылмас па ем сол маңнан. 
Енді, міне.., бағы тайған шешендей, 
Қайран сөзім Әмірханға қор болған. 

Ертегіге ішім менің жылиды, 
Жақсылықпен аяқталар ақыры. 
Арлан-көңіл Айға қарап ұлиды, 
Жанындағы жұлдызда қап жақыны. 

Бір өзеннің бұрып кеткен арнасын, 
Өмірзая! 
Сен ұрладың күлкімді. 
Жек көремін... Әділ сенде болғасын... 
Тағы сұмдық жақсы көрем біртүрлі. 
Өйткені сен - Әділсің!.. 
Кеште серуендеп жүріп аспанға қарауды әдетке айналдырғалы қашан. Көзіме ылғи Өмірзая түседі. «Өмірзая жұлдыз болып келем мен...». Әй, Әділ-ай, шынымен неге солай деді екен. Әлде аузына құдай салды ма екен, жазған баланың?.. 

Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ

ӨМІРЗАЯ

немесе алғысөз орнына

32-автобустан «ҚазМУ қалашығы» аялдамасынан түсіп, заң факультетінің корпусына қарай беттей бергенім сол еді, ту сыртымнан біреудің:

Ей, темекің бар ма?  деген үні жалт қаратты. Бұрылып қарасам, аласа бойлы, бұйра шашты, қараторы жігіт маған тесіле қарап тұр екен.

Әскерден оралғанына жаңа ғана жыл толған әрі жұмысшылар жатақханасында талай қиян-кескі «шайқасты» көрген маған бейтаныс біреудің «ей...» деп сөйлеуі ұнай қойған жоқ, әрине. Әсіресе,  үсті-басымды шола қарап, басын кекжите қалуы тіпті «нервіме» тиді: «Тұмсықтан перер ме еді?». Іле-шала тағы бір ой кимеледі: «Сабыр, Бауыржан, сабыр, сен енді жұмысшы емес, студентсің ...». Өзімді өзім әрең ұстап:

Жоқ,  дедім. Тісім шықыр ете қалды. Аяғымды жылдам басып, аялдама маңынан тез кетіп қалуға тырыстым.

...1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғасын келесі жылы ҚазМУ-дың филология факультетініне құжат тапсырғандар күрт көбейді, бір орынға 18 талапкер таласыппыз. Алты ай ақылы даярлық курсында оқығаным бекер кеткен жоқ, студент атанған  шоғырдың ішінде мен де бар едім. Сол кезде ұстаздарымыз тамыз айының соңғы күнінде заң факультетінің алдынан ауыл шаруашылығы жұмыстарына аттанатынымызды ескерткен. Мынау соған келе жатқан бетім.

Тым ерте келіппін. Жалғыз өзім сопайып тұрмын. Бір кезде тағы біреудің қарасы көрінді. Қарасам, әлгінде менен темекі сұраған жігіт екен. «Қап, мынадан құтылмадым-ау».

Сен де биыл түстің бе? деді ол жақындап келіп. Басымды изедім.

Мен де. Әділ, деді ол қолын ұсынып. Қолы нәзік екен, қаланың баласы екені көрініп тұр.

Әңгімеміз аса жараса қойған жоқ. Бір кезде жұрт жинала бастады да, Әділ таныстарын кездестіріп, солармен кетті. Даярлық курсында бірге оқығандар мен «балмұздақ» (Алматыда абитуриенттерді солай атайды Б.Б.) кезде бірге жүргендердің бәрі «құлап» кеткендіктен, мен ешкімді танымайтынмын.

Жолбасшы ұстаздардың айтуынша, қыздар көп түсетіндіктен филфак «женский факультет» аталады екен. Сондықтан да бізге жұмыстың да жеңілі тиетінге ұқсайды. Алматыдан бірер сағат жердегі Шелек ауданының «Қазақстан» кеңшарында жүзім тереді екенбіз.

«Қазақстанда» бізді Мәдениет үйіне түсірді. Директоры ақ көңіл жігіт екен, бірден музыкалық аспаптары бар бөлменің есігін ашып тастады. Бір-бір домбыра ұстаған жігіттер ана тұстан, мына тұстан әндете бастағанда қыздар жиналып қалды. Олардың арасында да әншілері көп екен. Сөйтіп орналасып үлгермей жатып, әжептәуір концерт басталды да кетті.

Сәлден соң бізді бөлмелерге бөліп, орналастыра бастады. Жоғарыда аталған  Заңның ықпалы болса керек, жігіттердің қарасы қалың еді. Әрі Білім министрлігі сол Заңға арқа сүйеп, үздік шыққан 50 балаға қоса «құлап» тұрған 25 талапкерді  оқуға қабылдау туралы шешім шығарған. Әрі сол жылы орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер даярлайтын топ та ашылған болатын. Сондықтан да біз көп едік.

Осы жерде тағы ши шыға жаздады. Бір кереуетті иеленіп, жайғаса бергенімде Әділ келді де:

Жігіт, басқа жерден орын тауып алғаныңыз дұрыс, мына жерде Балтабек жатады, дегені. Бауыржан деген жоқ, мүлде танымайтын адам секілді «Жігіт...» деді. Қаным басыма тепті. Сол кезде Қайсар ағай кіріп келіп, абырой болды, әйтпесе бір сойқанның болары анық еді. Түсім қатты бұзылып кетсе керек, Әділ бұрылып жүре берді. «Қап, қолыма бір түсерсің...».

Кешке тағы да ду басталды. Оқуға түскенімізді атап өтуіміз керек екен. Әрі арамыздағы Ержан деген жігіттің туған күні болып шықты. Бір-бірін абитуриент кезінен білетіндердің әңгімесі жарасып-ақ тұр. «Үш сомнан жинайық, самогон сатып алайық...» десті жігіттер. «Кассиріміз» Әділ. Жігіттердің бәрінен сыпырып ақша жинап жатыр. Алай өтеді, былай өтеді, тек маған бұрылып қарайтын емес. Мұнысы әбден қытығыма тиді.

Жетіп барып:

Әй, Әділ, менен неге ақша алмайсың? дедім. Сасып қалды білем, қалбалақтап: «А, сенен алмадым ба, байқамағанмын ғой», деп жатыр. Сол-ақ екен, арамыздағы тоң жібіп сала берді.

Жігіттердің бәрі өнерлі екен. Бірі ән салып, бірі өлең оқып жатыр. «Анау дүр, мынау да дүр, мен де дүрмін», деп Есенғали айтпақшы, кіл мықты екенбіз. Езуін қисайта күліп отырған Әділ ғана ешқандай өнерін көрсетер емес. Әдебиет туралы дауға да араласқан жоқ. Тек анда-санда жанында отырған Балтабекке жаргонмен бірдеңелерді айтып қояды. Басында аса жаратпай отырғаныммен ол маған бірте-бірте жылыұшырай бастады. Өзін тіпті бұрын бір жерде көрген сияқтымын. «Өй, мынау...».

Сен Ботпановсың ба? Даусым біртүрлі қатты шықты. Онымды анау да сезді білем:

Болсақ болармыз, деді жайбарақат. Сосын әңгімені басқа жаққа бұрып жіберді.

Соның алдында ғана «Жалын» журналынан өлеңдерін оқығам. Өте ұнаған болатын. Әсіресе, Мұқағалидың әйгілі өлеңінің ізімен жазылған «Махаббат диалогындағы»:

Өлсем ше? Иә, өлсем нетер едің?

Ақ бөз боп өзіңді орап кетер едім... деген жолдары ерекше әсер еткен. Сол Әділмен бір курста оқимыз деп кім ойлаған.

Кім-кімді де «ішіне» жібере қоймайтын кіді Әділмен «сельхозда» жүргенде менен гөрі жанымдағы Батырболат жақсы араласты. Әділдің жаңа жазған өлеңдерін маған сол оқып беретін. Жүзім теріп жүрген кезде ол мынадай өлең жазды:

Ұнатам күзді,

Жапырақтарды уақыттың алып ұшқаны,

Түскені жерге... сандалып, сабылысқаны.

Қор болып қалды-ау сап-сары сағыныштары,

Жұбатам күзді.

Бақта да сәнді

Қыдырам алыс ақылгөй ақымақтардан,

Жұбатам сосын көңілді қақырап қалған.

Бақыттырақпын мен аздап жапырақтардан,

Мені ешкім таптамаған-ды.

Дегенмен-дағы,

Өмірдің соңы сап-сары бақ боларына,

Тірліктің күйкі отына қақталарыма,

Жапырақ сынды бір күні... тапталарыма

Сенем мен тағы.

Бәрі де бекер,

Мәңгілікті ойлап қайдағы кетілді жаным,

Өлемін ақыр... оған да бекінді тәнім.

Тек қана жапырақтардың соңғы әні секілді әнім

Әріге кетер...

Жаңбырлап қыз-күз,

Көңілсіз күйдің  түскенде торына ғалам

(Болмашы бақыт тапқанда сорынан адам),

Жапырақтарды бүріскен қолыма алам,

Тағдырласпыз біз...

«Сағыныш» деп аталатын мына өлеңін курстастар да лезде жаттап алды.

САҒЫНЫШ

Осылай, жаным, ұдай

Кетісіп сағынармыз.

Адамның бәрі құдай,

Құдайдың бәрі жалғыз.

Тағдыр сол желөкпе тек,

Нетеміз, көнеміз де.

Кетеміз бөлек-бөлек

Бейшара кемемізде.

Кетеміз жағамызға,

Алысқа үңіле кіл.

Қайталап санамызда:

«Жалғыздың жүгі жеңіл»,

Жалғыздың жүгі жеңіл...

Соңғы сөз, соңғы нүкте

Бірлікке тыйым салар.

Жалғыз жан торға іліксе,

Тірлікте қиын соғар.

Осыны ойламадық,

Жаным-ау, қате еді бұл.

Асқақтық бойлап алып

Біздерді кетеді кіл.

Сезімге жарымаған

Жылайды әлі кеуде.

Құдайдың бәрі де адам,

Адамның бәрі  пенде...

Көп ұзамай  студенттер арасында «Бірінші курсқа Әділ деген ақын жігіт түсіпті. Өлеңдері сұмдық. Бірнеше жинақтарға еніпті. Жақында жеке жинағы шығады екен» деген әңгіме тарап кетті. Жоғары курста оқитындар да Әділге құрметпен қарайтын. Көп ұзамай оның «бытовкасына» (сол жылы бірінші курстықтарға бөлме тимей, тұрмыстық қажеттіліктерге арналған бөлмелерге орналастырылған болатын Б.Б.) Жарасқан, Ұлықбек, Мәди (Қайыңбаев) секілді ақындар жиі бас сұғатын болды. Марқұм Жарасқан ағаның кейін біздің арамызда әрі қарай  «дамытылған» «Ақын Әділ Ботпанов Келе жатыр водка алып...» деген өлеңін де сондай кештердің бірінде тыңдадық. Ағаларымыз Әділдің ғана емес, біздің де темірқанат өлеңдерімізді ықыластана тыңдайтын. Кейде тіпті мақтап та жібереді. Бізді мақтамайтын тек Әділ ғана...

Жарасқан ағаның Әділдің оқуға түсуіне де септігі тиіпті. Жалпы, біздің ерке досымыз мен сияқты оқуға үшінші рет құжат тапсырғанда ғана тұяқ іліктіріпті. Онда да Жарасқанның арқасында.

Алматыда тамыры мен танысы көп Ботпанов үшінші емтиханның уақытын шатастырып, келмей қалады. Түстен кейін келсе, емтихан әлдеқашан бітіп кеткен, қабылдау комиссиясындағы қыздар есікті көрсетіпті. Жаны қысылған Әділ бірден Жарасқан ағасына тартады. Жәкең түнде қонақтан келіп, енді тұрып жатыр екен. Алқын-жұлқын әңгімесін айта бастаған інісінің сөзін кілт тыйыпты: «Фамилияң кім, бала?». Әділ аң-таң. Өйткені ағасы мұның фамилиясын жатқа біледі ғой. Жәкең сұрағын тағы қайталайды. «Ботпанов...». «Ботпанов болсаң саспа, оқуға түстім деп есепте», дейді Жәкең. Әділге енді «оқуға түскенін» «жуғаннан» басқа амал қалмайды...

Ертесіне таңертең Жарасқан аға қасына Әділді ертіп, ҚазМУ-ға тартады. Бұл күні мұнда болашақта орыс мектебіне қазақ тілінен сабақ беретіндер емтихан тапсырып жатыр екен. Жәкең Зейнолла Қабдолов пен Тұрсынбек Кәкішевке жолығып, мән-жайды түсіндіреді. Сонымен, «кеше аяқ астынан ауырып, дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған талапкер Әділ Ботпановқа бүгінгі лекпен емтихан тапсыруға рұқсат» беріледі...

Түнде «оқуға түскенін» қаттырақ тойлап жіберген Әділ емтиханды да қатырмапты. Қырсыққанда Қобыландының астындағы атының «аты» есіне түспей, діңкесі құриды. Сонымен, бірде-бір сұраққа дұрыс жауап бере алмаған ол комиссия төрағасы Тұрсынбек Кәкішевтің алдынан бір-ақ шығады. Абырой болғанда, оның жанында Жарасқан ағасы отыр екен. «Өй, мына баланың білімі нашар ғой...», дейді Тұрсекең қағазға үңіліп. Алдында «Қазақ әдебиетінің» соңғы номері жатыр екен. Онда Әділдің бір топ өлеңдері жарияланған. «Мынаны сен жаздың ба?». «Иә, мен. Менің өлеңдерім мынадай-мынадай жинақтарға енген ...», дейді ол «тал қармап». «Әй, мына баланың берген жауабы екі қоюға да жетпейді екен. Мұның бағасы «1», деп әуелі Әділдің зәресін ұшырған Тұрсекең: «Бірақ  өлеңіне «4» қоюға болады. Екеуін қосса «5» болмай ма?» дейді Жарасқанға бұрылып. Жәкең қостап, екеуі қарқ-қарқ күледі. Міне, Әділ оқуға осылай қабылданған...

«Бірде Кеңшілік аға Бабыр туралы керемет әңгіме айтты. Менің ықылас қойып тыңдағанымды аңғарған болуы керек, «Сен осыны жазсаңшы», деді. Мен Пушкин кітапханасында (Ұлттық кітапхана ол кезде солай аталатын   Б.Б.) бір ай отырып, көп деректер жинадым. Құдай қаласа, Бабыр туралы поэма жазамын», дейтін Әділ.

...Сол жылы Зекең журфакқа сабақ беретін болды да, бізге «Әдебиет теориясынан» Ұлттық Ғылым Академиясы М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтынан келген Бақытжан Майтанов дәріс оқыды. Бұрын университетте сабақ берген тәжірибесі жоқ ағайымыз бізге жас ғалымдарға қоятын талапты қоятын. Бір шығарма туралы айтар алдында: «Мынау кімнің шығармасы?» дейді бірімізді тұрғызып қойып. Кіл ауылдан келген боқмұрын шетелдік жазушыларды «түстеп тани алмай», ұстазымыздың қаһарына ұшыраймыз. Бір күні Әділді тұрғызып еді, ол әлгі шығарманың авторын айтып қана қоймай, оны талдай жөнелді. Сол-ақ екен лекциямыз Майтанов пен Әділдің арасындағы әңгімеге айналып жүре берді. Біз әлі ести қоймаған неше түрлі әдеби ағымдар, ақындар мен жазушылар туралы қызықты деректер айтылды. Ай, Бақытжан ағамыздың сол күні бір қабағы жазылды-ау, әйтеуір. «Бірінші курста Әділ Ботпанов деген студент бар. Білімі профессордың деңгейінен кем емес», депті кафедраға барып.

Шетел әдебиетінен дәріс беретін Сагалович  апайымыз да бір сабақ үстінде Әділге қатты риза болған. Тек орыс тілінен лекция оқитын әдемі келіншек қана «тәртібі нашар» Ботпановқа  сәл қырын қарады...

Ол кезде күнде думан, күнде той. «Филфак, журфак бір туған, истфак итті кім туған?» деп өлеңдетіп, журфакка барамыз не олар бізге келеді. Гүрілдеп өлең оқимыз. Мұндайда Әділ «жауызға» айналады. Ол талдағанда әп-әдемі өлеңіңнің быт-шыты шығады. Біреулерге тіпті «сен өлең жазуды қой!» деп үкім де айтып жібереді. Онымен таласатын Әмірхан Балқыбек қана. Әкесі Жұмабек: «Ең болмаса жақсы оқырман болып шығарсың», деп бағыт-бағдар сілтеп, көп кітаптар оқытқан Әмірханның да білмейтін пәлесі жоқ еді. Оны Әділ де мойындағанымен, «шахановшалап жазғаныңды қой» деп өлеңіне тиіседі. «Екеуміз әдебиеттегі бақталастар болайық...» депті бірде.

«Бұл ҚазМУ-да менімен шендесетін ақын Нұржан  Қуантай ғана», деді бір күні.

«Журфакта Индира Өтемісова деген менің қарындасым бар. Нағыз ақын!» деді бірде.

Бір күні кешке Әділ бөлмеге кіріп келді де үнсіз тұрып қалды. Өзінде өң-түс жоқ. Көзі мөлт-мөлт етеді. Біз шошып кеттік. «Не болдылап?» жатырмыз. «Жұмағаң қайтыс болыпты...», деді ол.

Шынын айтқанда, мерзімді баспасөздерден өлеңдерін оқығанымыз болмаса,  Жұматай Жақыпбаевты біз ол кезде көп біле бермейтінбіз. Жұмағаңның жыр қағанатын құрғанын, оның ең жас сарбазы Әділ болғанын сол күні естідік. Көп өлеңдерін сол түні оқыдық.

Әділ Жұмағаңның қазасына арнап «Жан азасы» деген өлеңін жазды. Мынадай:

ЖАН АЗАСЫ

Құшақтап қайғы жабыққам-ды құр,

Жабықпас жаққа кетермін.

Ұйықтасам қара табыттарды кіл

Аймалап жүрем, нетермін...

Қашанғы енді ғашық балаша

Соза да берем төзімді.

Табыттың ішін ашып қарасам,

Ішінен көрем өзімді.

Үрейім ұшып, үдейіп күмән,

Басқа бір келдім табытқа.

Онда да өзім, не дейін бұған

Қолымды созып жарыққа.

Қолымды созып, жалын деп лаулап,

Өшіріп үнін наланың.

Арманды қуып тәнімнен аулақ,

Алысқа самғап барамын.

Санаға енді бұл да азық па екен,

Тағы аштым табыт, бекеммін.

Ішінде өзім гүл нәзік өлең,

Былдырлап жатыр екенмін.

Былдырлап жатыр екенмін...

Көп ұзамай жас ақындардың республикалық слеті өтті. Ол кезде мүшәйралар солай деп аталатын. Жамбылдан Бауыржан Үсенов келді. «Біз мұны Шымкенттен іздеп жүрсек, осында екен ғой», деді кешті ұйымдастырушылардың бірі Темірғали Көпбаевты сахнаға шақырғанда. Тағы біраз ақын келіпті. Біздің Ботпанов «Жан азасын» оқып, екінші орын алды. Арамызда жүрген жігіттің мұндай құрметке ілігуі бізге қатты әсер етті.

Інісі Біржан бізбен бірге оқығасын Бауыржан Үсенов біздің жатақханаға жиі келетін. Домбырамен ән айтқаны керемет еді. Әңгімелері тіпті ғажап. «Өлеңдерің күшті. Бірақ тек өлеңмен жан баға алмайсың. Газеттерге мақала жазып үйрен, қосымша нәпақа болады», дейтін Әділге.

Әділ сол кезде жақсы жазып жүрді. Тез жазатын. Соған қарағанда әуелі іште пісіріп алып, қағазға түсіретін болуы керек. Өлең жазғанда күй талғамайтын. Сенімен әңгімелесіп отырып, қағаз шимайлап отырады да «мынаны оқып көрші» дейтін. «Ай, мына Әмірхан өлең жазған кезде қасына адам жолатпайды екен», деп күлетін. Лекцияларда ең соңғы партаға жайғасып алып, бірдеңелерді түртіп отыру әдеті еді.

Оның сол тұстағы жырларының көбі өлім туралы еді. Біз себебін сұрасақ, қисық әңгімеге бұрып жіберетін. Жалпы, Әділ кей-кей оңаша сәттерде болмаса өлең туралы әңгіме айтқанды ұнатпайтын. Кез келген сұраққа қыңыр жауап беретіндіктен жұртшылық оны солай қырсық деп қабылдайтын. Бірақ оның жаны тым нәзік еді. Ал «қисықтығы» өзі жасап алған «қорғаны» болатын.

«Әділдің ондай өлеңдер жазып жүргенінен қорықпаңдар. Адамда сондай бір өтпелі сәттер болады. Мұны көп ақындар бастан кешірген», дейтін Бауыржан марқұм бізге.

Біз бірінші курста оқып жүргенде Светқали Нұржан, Сабыр Адай, Табылды Досымовтар журфакқа қонаққа келді. Оларға Алматыдан Жұмабай Құлиев пен Ерсайын Жапақ қосылыпты. Онда Светқалидың арқырап тұрған кезі...

Ақын ағаларымыздың іздеп келуі кәдімгідей мерекеге айналды. Бірде оларды тыңдаймыз, бірде өзіміз өлең оқимыз. «Біздің буын сендерді басып озады!» деген Бақытжан Қосбармақтың сөзі ақ көңіл Баукең, Бауыржан Жақыптың  көңіліне келіп: «Сендер бізді басып озсын деп жүрген жоқпыз ба осында?!» деп  көзіне жас алдырды. Бізді ықылас қойып тыңдаған ағаларымыздың Әділдің өлеңдерін ерекше ұнатқаны да есте қалыпты.

Қалада өсіп, кішкентайынан түрлі ортамен араласқан Әділ кез келген «разборканы» да тез шешетін. Кей кезде жұдырығы жуан жігіттердің өздері иліктіре алмаған бейтаныс біреулер оның он бес минуттық «лекциясын» тыңдағаннан кейін-ақ жуасып шыға келетін. Қисыны мықты, ойы жүйелі еді. Айтқан әңгімесі ертеңіне-ақ жұрттың аузында жүретін. Ішіп алған кезде бірте-бірте киімдерін шешіп лақтырып, жалаңаш қалатындығы үшін қу тілді курстасымыз Бақыт Әметаевтың «дуалы аузымен» «Мадонна» аталып жүре берген Ербол есімді жігітке: «Басың бар адам секілді құлақшын киіп алыпсың ғой», депті бірде. «Мадоннаның» «басы жоқ» (Әсіресе, ішіп алған кезде Б.Б.) екенін білетін жұртқа бұл әжептәуір ермек болды.

«Бір күн ақын болайықшы, Бауке», дейтін бөлмеге келіп. Онысы жүз грамдатайық дегені. Екеуміз мұндайда курстағы Шымкенттің мәрт жігіті Кенже Байназаровқа барамыз. Кенже қабағын шытпайды...  Кейде көрші жатақханада тұратын Жарас Сәрсекке барып, «ақын болып» қайтамыз.

Әділ менімен ғана «ақын болмайды», әрине. Ал үнемі «ақын бола берудің» ақыры жақсылыққа апарып соққан жоқ. Екінші курстың бірінші семестрінен кейін Әділ оқудан шығып, ауылына қайтты. «Бұл тоқсанда бізде он сегіз рет ағылшын тілі пәні өтіпті. Мен соның бар-жоғы он жетісінен-ақ қалып қойыппын», дейтін сұрағандарға. Неге екені белгісіз, жұрт сияқты  академиялық демалыс алып, кейін оқуын әрі қарай жалғастыруға құлқы болмады. Келесі жылы қыста бізді бір іздеп келді де, содан кейін ҚазМУ-ға ат ізін салған жоқ. Кеңес өкіметі құлап, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аласапыран кезге тап болған біздің де оны  іздеуге мұршамыз болған жоқ. «Әділ үйленді, балалы болды» деген хабарды бізге көршісі Балтабек жеткізетін.

1996 жылы Алматыда Қызылорда облысы мәдениетінің күндері өтті. Делегацияның құрамында Әділ де бар екен. Батырболатты тауып алып, екеуі біздің үйге келді. Сақал қойып, келісті жігітке айналыпты. Қалалық газетте жауапты хатшы болып істейді екен. «Жауапты хатшы деген — газеттің макетін жасайтын адам. Мына Әмірхандардың бес жыл оқитыны сол екен ғой, мен бес күнде үйреніп алдым», — деді қулана күліп. Таң атқанша әңгіме айттық. Біздің өлеңдерімізді тыңдап, пікірлерін айтты. Баспасөзге шыққан дүниелердің бәрін қадағалап отырады екен. Менің адресіме жылы сөз айтып, кәдімгідей қомпаңдап қалдым. «Біздің арамызда өлеңге басын тігіп жүрген Маралтай ғана, қалғанымыз дүние-боқты қуып жүрміз, — деді бір кезде. — Менде қазір бәрі бар: жұмысым жайлы, дағарадай үйім, әйелім, бала-шағам бар. Бірақ соның бәрін бір жақсы өлеңге қияр едім...». Жаңа ғана үйленіп жатқан әрі пәтерде тұратын маған, әрине, Әділдің бұл әңгімесі аса ұнаған жоқ, қызып қалғаны деп ұқтым.

Ол өз өлеңдерін жатқа оқи алмайтын. «Мынадай өлең жазсаң, Қызылордада 10 мың теңге береді екен (Мүшәйрадан алған ақшасы ғой — Б.Б.)», — деп «Дат» деген өлеңін оқымақ еді, толық есіне түсіре алмады. Сосын «Ақындар» деген өлеңін оқыды. Бір-ақ жолдан тұрады екен: «Олар күлден гүл жасайтын тектілер». «Мынау өлең емес қой, — дедім мен, — Афоризм деуге келер, бірақ...». «Біз мұны өлең дейміз, — деді Әділ, — Жақында менің 35 өлеңнен тұратын жинағым шығады. Егер ол қазақ әдебиетінде жаңалық болмаса, онда мен өлеңді қойдым».

Ертеңіне қимай қоштастық.  Ал бірнеше айдан кейін «Әділ жоғалып кетіпті» деген хабар түсті. Қызылордадан курстастарымыз Мұрат пен Тұрар қайта-қайта қоңырау шалды. «Алматыға тартып кетпеді ме?» деген үміт қой. Сол кезде Қызылордада жұмыс істеп жатқан Бауыржан Омаров пен Амантай Шәріп ағалары да Әділді іздеп, табандарынан таусылыпты. Тіпті, бақсы-балгерлерге дейін барған. Жоқ. Содан әлі жоқ...

... Өзге жұлдыздардан бұрын туып, айдың жанында ерекше жарқырап тұратын бір жұлдыз бар.  Басқа жұлдыздар туған кезде жоғалып кететін оны қазақ Өмірзая дейді. Әділдің осы жұлдыз  аттас тамаша өлеңі бар. Алғашқы кітабының атын да солай қойған.

Иә, біз оқуға түскен жылы оның «Жалын» баспасында «Өмірзая» атты кітабы жатқан. Әне-міне шығады деп отырғанда «үстінен тағы бір қарап шығам» деп алып келді де, қолжазбасын жоғалтып алды. Қайта қағазға түсірем деп жүргенде біраз уақыт кетіп қалды. Кейін аласапыран заман басталып кетіп, кітап жайына қалды. Соңғы кездескен сәтте өзі айтқан 35 өлеңнен тұратын екінші жинағы да, меніңше, шыққан жоқ. Ал Әділді көрген кезде  кітап шығару туралы ой түсімізге де кірмеген біздің алдымыз бір-екі жинақ шығарып үлгердік. Тағдыр-екең кейде осылай да ойнайды адаммен...

Қазір біздің буын да ес жиып, етек жауып қалды. Жан-жағымызға  қарайлай бастадық. Әділдің орны үңірейіп тұрғанын байқадық. Ең бірінші Жарас «Қайдасың Әділ?» деп «Қазақ әдебиетіне»  мақала жариялады. «Келсеңші, өлең оқиық...», — деп аяқтапты мақаласын. Маралтай мен Әмірхан өздері шығарған «Кентавр» газетіне Әділдің біз оқымаған өлеңдерін жариялады. Еділ Анықбаев Қазақ радиосында бірнеше рет хабар ұйымдастырып, онда Кенже, Бақыттар Әділ туралы естеліктер айтты. Ал мен «Өмірзая» деген өлең жаздым.

ӨМІРЗАЯ

Өмірзая жұлдыз болып келем мен,

Жарық жыр боп аспаныңда жылт етем.

Салыстырсаң маған біткен өлеңмен,

Тіршілігің тек әншейін қырт екен.

Әділ Ботпанов.

Тағдырың кеп байланды ма сөзіңе,

Аспан жаққа аңсары ауған саяқ ұл.

Басқа жұлдыз түспегендей көзіңе,

Сол жұлдызда нең бар еді, әй, Әділ?!

Су аяғы сіңгендей кеп құрдымға,

Ай-жағалы қамқа-түнге оранып.

Сол жұлдыздай сәл жарқырап тұрдың да,

Аяқ асты кеттің бір күн жоғалып.

Қос қабағың жауар бұлттай түнеріп,

Жігеріңді жасытқанда қырт тірлік.

Ай-ару қыз нөкерлерін жіберіп,

Әлде сені әкетті ме тұтқын ғып?

Жыр елінде көш бастасаң көсемдей,

Шіркін, мен де табылмас па ем сол маңнан.

Енді, міне.., бағы тайған шешендей,

Қайран сөзім Әмірханға қор болған.

Ертегіге ішім менің жылиды,

Жақсылықпен аяқталар ақыры.

Арлан-көңіл  Айға қарап ұлиды,

Жанындағы жұлдызда қап жақыны.

Бір өзеннің бұрып кеткен арнасын,

Өмірзая!

Сен ұрладың күлкімді.

Жек көремін... Әділ сенде болғасын...

Тағы сұмдық жақсы көрем біртүрлі.

Өйткені сен Әділсің!..