Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың өмірден өткенін хабарлап, марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ күллі әдеби қауымға көңіл айтты.
Күләш Ахметова — нәзік лирикасы, азаматтық биік үні, ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесі арқылы қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған сыйлы тұлға. «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» сияқты жыр жинақтары бірнеше буын оқырманның эстетикалық талғамын қалыптастырып, жүрегіне жол тапты.
Ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосқан ақынның жарқын бейнесі мен мол мұрасы халық жадында мәңгі сақталады. Оның өнегелі өмірі мен шығармашылық жолы жас ұрпақ үшін үлгі болып қала бермек.
