
Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың 55,8 пайызы Орал қаласында тіркелген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, індет басталғаннан бері өңірде барлығы 11 650 науқас анықталса, соның 6 508-і облыс орталығының үлесіне тиеді.
Сырқаттанғандардың 6 179-ы - ауру белгісі бар адамдар.
Жыл басынан бері 2 429 адамнан (1514-і - ауру белгісі барлар) COVID-19 табылса, соның 1 335-і Оралда белгілі болды.
Сондай-ақ биыл Бәйтерек (415), Бөрлі (272), Ақжайық (107) аудандарында індет өрши түсіп отыр.
