15 қар, 2017 сағат 10:27

Бас прокурор Назарбаевтың сынына жауап берді

Мәжілісте құқық қорғау органдары қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша заң жобасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурор Жақып Асанов заң жобасын таныстыра отырып, парламенттегілерге жоба енгізілген соң қандай өзгерістердің болатынын айтып берді.

"Мемлекет басшысы сессияның ашылуы кезінде (Парламент сессиясы - автор) бізді қатаң сынға алды: істі басқа бір дерек бойынша қозғап, соңында ештеңені анықтамай, әр жерді "қопара береміз". Біз дәл солай істеп жүрміз. Бірақ осы заң жобасы енгізілген соң бұл тәжірибені тоқтатамыз. Ендігіде тергеу қандай іс басталды тек сол дерек бойынша жүргізіледі", - деді бас прокурор Жақып Асанов Мәжілістегі депутаттарға.