02 сәу, 2025 сағат 16:15

«Барлығын сумен қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдалану платформасын іске қосу» – Тоқаев Нағаспаевқа қандай тапсырма берді

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады, деп хабарлайды Ult.kz. Кездесуде президент пен министр негізгі жұмыс бағыттарын белгіледі:

▪️ геологиялық зерттеулер базасын жасанды интеллект көмегімен қалыптастыру;
▪️ жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қосу;
▪️ қала құрылысы жобаларын цифрландыру;
▪️ ауылдарда коммуналдық қызметтерге бірыңғай түбіртекті енгізу.

Тоқаев министрге халықты сумен қамтамасыз етуді (көптеген өңірлер үшін бұл өзекті мәселе екенін еске салды), жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды уақтылы жүргізуді және отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін құруды тапсырды.

Президент барлық бағыт бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.