13 нау, 2018 сағат 08:43

Гауһартас (фильмнің толық нұсқасы)

Гауһартас — 1975 жылы "Қазақфильм" студиясы түсірген көркем фильм. Бүкілодақтық тұсаукесері 1977 жылы Мәскеуде өтті. Сценариі Дулат Исабековтың әңгімесінің желісімен жазылды. Режиссері — Шәріп Бейсембаев.

Қарапайым шаруа шаңырағына бойжеткен Салтанат келін болып түседі. Шаруаның үлкен ұлы, белді шопан Тастанның жары атанған Салтанат жүрегі мейірімге толы жан. Салтанат келін болғалы бері, ол шаңыраққа мейірім мен жылулық сәулесі төгіледі. Салтанаттың жібек мінезіне ата-енесі де дән риза болады. Қайыркен де жеңгесіне еркелеп, онымен жақсы дос болады. Тек мінезі ауыр Тастан ғана Салтанатқа қатаң қарайды. Ер-азаматының мейіріміне бөлене алмаған Салтанат ауыр дертке шалдығады.