13 нау, 2018 сағат 08:38

Балкон (фильмнің толық нұсқасы)

1988 жылы режиссер Қалықбек Салықов Олжас Сүйлеменовтың шығармасының желісімен «Балкон» фильмін түсірген болатын. Бүкілодақтық тұсау кесері 1989 жылдың сәуір айында өткен еді. «Балкон» - 50 жылдардағы Алматының бір ауласының кейіпкерлері туралы көркем фильм. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар суреттеледі.

1990 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық «Дебют» кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Дәл сол жылы Түрікмен астанасы Ашхабад қаласында өткен Орта Азия елдері мен Қазақстан Республикасы кинофестивалінде «Фестивальдің үздік фильмі» аталымында жеңімпаз болып танылып, дипломмен марапатталды.