13 қаң, 2022 сағат 22:10

Бақытжан Сағынтаев «отставкаға кетті» деген ақпарат жалған - әкімдік


Алматы әкімдігі қала басшысы Бақытжан Сағынтаев отставкаға кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Әлеуметтік желідегі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада. 

Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһар басшысы жұмыс орнында өз міндеттерін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешіп жатыр.