25 қаз, 2017 сағат 16:16

Бақытжан Сағынтаев Ереванда өткен ЕҮК отырысына қатысты

Бүгін Ереванда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения, Қырғызстан, Ресей және Беларусь елдерінің үкімет басшыларының қатысуымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz. хабарлайды.

Кеңес отырысының алдында Армения Президенті Серж Саргсян Ереванға жұмыс сапарымен барған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусь Премьер-Министрлерін қабылдады. С.Саргсян осы кездесу қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болатынына сенім білдірді.